Онкүндік аясындағы игілігі мол істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда», – деп атап көрсетілген болатын.

Жолдауда тағы «Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі», – деп айтылған.
Ерейментау ауданында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту саясаты жоспарлы іске асырылып келеді. Ауданда тұратын өзге ұлт өкілдерінің келісімі мен түсіністігі, татулығы – оның алтын діңгегі екені белгілі. Өйткені, қазақ халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білу арқылы ұлттар арасында достық пен татулық одан әрі нығая түседі.
Биыл да дәстүрлі тілдер онкүндігі аясында ауданда барлық мемлекеттік органдарда, еңбек ұжымдарында, мекемелерде, көптеген іс-шаралар, байқаулар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер, фестиваль, концерттер өткізілді.
Қала мен ауыл кітапханаларының жас кітапханашылары арасында байқау ұйымдастырылып, олар мемлекеттік тілді білу деңгейімен қатар, кәсіби біліктілігін көрсете білді. Сонымен бірге, барлық кітапханаларда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!», «Язык –
опора дружбы» сынды кітап көрмелері оқырмандар назарына ұсынылды. «Үш тіл – үш тағдырың» атты танымдық сағат өткізілді және Қазақ халқының бiртуар ұлы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 148 жыл толуына арналған «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты бейнеролик оқырман назарына ұсынылды. Сілеті ауылдық кітапханасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты дөнгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелге мектеп мұғалімдері, жергілікті әкімдіктің қызметкерлері мен ауыл жастары жиналды. Онда қазақ тілін үйрену, мемлекеттік тілде сөйлей білу, латын тіліне көшу мәселелері көтеріліп, пікірлері ортаға салынды.
Жастар ресурстар орталығының ұйымдастыруыменен Қазақстан халқы тілдері күніне орай, әлеуметтік желі беттерінде өзге ұлт өкілдерінің құттықтаулары мен сұхбаттары шығарылды және Ерейментау қаласы тұрғындары арасында «Тіл – достықтың құралы» атты әлеуметтік сауалнамалар өткізілді.
Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты квест өткізіліп, ашық аспан астында «Тіл – ұлт байлығы» мәнерлеп оқу фестивалі өтті.
Агротехникалық колледж студенттерімен топ сағаттары, қала мен ауылдық мектептердің оқушыларымен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты шығармалар байқаулары, балабақша бүлдіршіндерімен суреттер сайыстары ұйымдастырылды.
Онкүндік аясында Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тілі бірдің – тілегі бір» атты жастар арасында қашықтықтан ән байқауы өтті. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы да қашықтықтан өткізілді. Жыр додасында Ерейментау қаласынан, ауылдық жерлерден қалам тербеп жүрген 13 ақын бақ сынады. 15 қыркүйекте «Қазақ тілі –
бабамның тілі, баламның тілі» атты аудандық онлайн бейнежазбалар байқауы өткізілді.
17 қыркүйек күні Қазақстан халқы Тілдері онкүндігінің жабылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудан әкімі А.Әлжанов мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту жолында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен және кәдесыйларымен марапаттады.
Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткен «Тілі бірдің – тілегі бар» атты ән байқауының, «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» аудандық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегерлерін бөлім басшысы С.Жылқыбаев марапаттап, сонымен қатар, «Жас кітапханашылар» арасындағы сайысқа қатысқан жеңімпаздар құрметтелді. Аудандық мәдениет үйінің дайындаған концерті әдеттегідей жанды дауыста, кәсіби деңгейде өтіп, бишілер мың бұрала билесе, әншілер көрерменді сиқырлы әуезбен еліктірді.
Жанар ЖҮСІПОВА,
Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар