Көп болып жұмылып, тілімізді құрметтедік

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі – өрлігінде, орасан зор байлығында.
Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу және әр тілдің өзіндік ерекшелігімен маңызын түсіндіру мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі өтті. 6-17 қыркүйек аралығында ауданда осы онкүндікке орай, 300-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, 6 қыркүйек күні мемлекеттік мекемелерде, еңбек ұжымдарында, ведомстволық бағынысты мекемелерде Қазақстан халқы Тілдері күнінің салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойыны, «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ашық сабағы, «Жұлдызды сәт» ақпараттық-танымдық сабағы, «Тіл білгірлері» интеллектуалды ойыны, «Мың бала» жобасы аясында өткізілген жалпықазақстандық диктант, «Тәуелсіздік – тірегім» эссе-байқауы, «Қазақшаңыз қалай?» са-уалнамасы көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ, ауданның жалпы білім беретін мектептерінде, балабақшаларында мемлекеттік тілді насихаттайтын бірқатар іс-шаралар өткізілді. Олар – байқаулар, акциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, бейнесабақтар, онлайн іс-шаралар және танымдық дәрістер. Ауданның барлық мектептерінде «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Барлық іс-шаралар тілге құрметпен қарауға, сөйлеу мәдениетіне ұмтылуға бағытталған, көп ұлтты халықты біріктіретін шаралар ретінде есте қалды. Онкүндік қорытындысы 2021 жылдың 17 қыркүйегінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Саматовтың қатысуымен аудандық Мәдениет үйінде шығарылды. Ауданда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүрген азаматтар, байқау женімпаздары мадақтамалармен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзін жаттап өскен ұрпақ осы ұғымды тілмен ғана емес, іспен дәлелдей түссе, нұр үстіне нұр.
Бейбітгүл БАЙҒАЛЫМ,
Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар