Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірде коньки спорты кенже қалып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Өңірде коньки спорты кенже қалып отыр

Коньки спортының  үш мың жылдан асқан тарихы бар. Коньки cпорттық жарыс ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында дами түскен еді. Қысқы спорт түрі болғандықтан, онымен шұғылдану үшін дұрыс мұз айдындары керек.

 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қалада он сегіз алаңға мұз қатырылады. Оның сегізінің көлемі стандартқа сәйкес келмейді және мұз айдындарының барлығы бірдей киім
ауыстыратын жылы бөлмелермен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан, коньки тепкісі келген тұрғындардың көбі жабық мұз айдындарына баруға мәжбүр. Қаладағы жабық мұз айдыны «Бурабай» спорт сарайында ғана бар. Спорт сарайы бір мезгілде 120 адам қабылдай алады. Кіру бағасы  он сегіз жасқа дейінгілерге 250 теңге, ересектерге 500 теңге, ал конькиді жалға
алсаңыз 250 теңгені қосымша төлейсіз.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, мұз айдындарының біразы мектеп ауласында орналасқан. Бұл мектеп оқушыларына арналғандықтан, қоғамдық орын ретінде қарастырылмайды. Ересектер мұнда келіп коньки тебе алмайды. Сондықтан, «Оқжетпес» футбол стадионындағы алаңға көптеп ағылады. Біз хабарласқан мұз айдындарының иелері конькиді өздері сатып алатынын айтады. Олар кіру ақысы төленгеннен кейін конькидің тегін берілгенін қалайды. Көкшетау қалалық спорт бөлімінің басшысы Әсет Бөкебаев: «Көкшетауда бұл спорттың түрі дамымай жатыр. Себебі, арнайы дайындық алаңдары  жоқ. Қаладағы мұз айдындары коньки тебуге арналмаған. Олар хоккей ойнауға негізделген. Жарыс өткізуге 400 метр болатындай қашықтық қажет. Коньки спорты қалалық қысқы
спартакиада ойындарының тізімінде болғанымен, қатысушылары жоқ. Коньки жарысынан көкшетаулық жеңімпаздарды да атау қиын», – деп ашығын айтты.
Мұз айдыны халықтың көп жиналатын орны болғандықтан, мұндағы қауіпсіздік ережелері де маңызды. Оның көлемі 30х60 шаршы метрді құрауы тиіс болғанымен, қаладағы алаңдардың аумағы тар. Мұнда қоршауы жоқ мұз айдыны да кездеседі. Сырғанауға келген дем алушылар «қоршаусыз алаңдар қауіпсіздік ережелерін сақтауға қиындық келтіреді», – дейді.
Жастардың бұл спорт түріне ынтасы жоқ деп айта алмаймыз. Сондықтан, облыстық спорт басқармасы коньки ойындарын дамытуды қолға алуы керек. Жасөспірімдерге жағдай жасап баулитын болса, кейін жетістіктерін де көретініміз хақ. Бұрын кеңес заманында бұл жағынан жағдайымыз тәуір еді. Қаладағы аспап жасау зауыты мұзда сырғанайтын конькиді өзі-ақ шығаратын. Коньки өзімізде шығарылған соң әрі құны да арзан болғандықтан, жастар мұз айдындарына көптеп баратын. Қазір облысымызда, әсіресе, Көкшетау қаласында коньки спорты расында кенже қалып отыр. Неге бұлай екенін жоғарыда айтылған жайлар өзі-ақ айтып тұр деген ойдамыз.

Ақынбай СӘРСЕНБИ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар