Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пайдасымен бірге, зияны да бар - АРҚА АЖАРЫ

Пайдасымен бірге, зияны да бар

Үйде, көшеде, жиналыста, тойда, тіпті әңгімелесіп отырсақ та жанымыздан тастамайтын серігіміз пайда болды.

  Қайда барсақ та қалта телефонымызды құшақтап жүреміз. Ұйықтасақ жастығымыздың астында, жолда жүрсек жан қалтамызда сақтаймыз. Адамға қажеттілігін сезінгеннен кейін бағасы да аспандап барады. Біз жанымыздан екі елі тастамай ұстап жүрген осы бір шағын ғана телефонның қаншалықты зияны бар екенін білеміз бе? Білеміз, бірақ, толық емес. Жасымыздан кәрімізге дейін пайдаланатын құрылғының кері салдарын да салмақтағанымыз жөн.
Балаңызға ұялы телефон алып берерде ойландыңыз ба? Өміріне қауіп төндіріп отырсыз. Қазір мектепте балаларға телефон қолдануға рұқсат. Себебі, жаңа технологияны пайдалануға оқушылар құқылы. Ал, Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бұл байланыс құралының ойлау, есте сақтау  қабілетін, тіпті, адамның жүйке жүйесін зақымдап, психологиясын бұзатынын әлдеқашан айтқан.
Ресей ғалымдары ұялы телефоннан тарайтын электромагниттік толқындардың әсерінен көз жанары әлсіреп, иммундық жүйе бұзылатынын да ескерткен. Қазіргі жастардың көру белсенділігі де жақсы емес екені белгілі. Уақытымыздың көбін әлеуметтік желіде отырумен өткіземіз.
Мектеп оқушылары ең кемі үш сағат уақытын экранға телмірумен өткізетінін айтады. Үш сағат шағын роман, небір қызықты хикаятты оқып шығуға әбден жетерлік уақыт. Уақытты құр алатын в контакте, фейсбук, друг вокруг тәрбие беретін желі деп айту қиын. Бұл желілерде он-он бес сағатын жоғалтып отырғандар да баршылық. Осы тақырыпты қозғау ниетімен сабақ болып жатқан кезде достарыма хабарлама жолдадым. Он адамның сегізі жауап қайтарды, бір сағат өтетін лекцияның әр екінші минутында маған жауап жазумен болды. Ойландырарлық оқиға.
Ата-аналар да балаларының көп уақыты телефон шұқылаумен өтетінін, құлағынан құлаққабын тастамайтынын қынжыла айтып, мектеп оқушыларының бұл құрылғыны сабақта пайдалануына, оған үй жұмысын орындауда да арқа сүйеп, интернеттен дайын материалдарды қолданатынына қарсы екенін жеткізді.
Физиологиялық әлсіздік туралы жиі айтып жүрміз, мұның да салдарын телефоннан іздеуге болады. Құрылғыдан бөлінетін сәуле жүрек қан тамырларының қан айналымын нашарлатып, ұйқышылдық пен күйрегіштік қасиет те беруі әбден мүмкін. Телефоныңыздан жарты сағат логикалық ойынның жұмбағын шешкеннен гөрі, таза ауада он минут  жүріп немесе жүгіріп келгеніңіз әлдеқайда пайдалы.
Ең қауіптісі, сөйлесу кезінде электромагниттік толқын миыңызды қыздырып, орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, қатерлі ісік ауруына жол ашады. Мамандар сөйлесу кезінде құлаққапты пайдалануды ұсынады. Және ұйықтарда жаныңызға алып жатсаңыз басыңыз ауырып, шаршап оянады екенсіз.
Кез-келген пайдалы заттарды асыра қолдансаңыз зиянын тигізетіні бар. Ғалымдар ұялы телефонды күніне бір сағат қана пайдалануға кеңес
береді.

А. СӘРСЕНБИ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар