Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2021 жылғы тамыз айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2021 жылғы тамыз айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы тамыз айында облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 105,6% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 104,3%, республикалық мағынада, тиісінше – 105,8% және 104,6% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,0%-ға, азық-түлік тауарлары – 7,5%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 3,7%-ға қымбаттады.
2021 жылғы 14 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 9,5% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 2,0%-ға өсіп, 93,7 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 36,8 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 56,9 млрд. АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың тамыз айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 425,21 теңгені, еуроға – 500,55 теңгені, ресей рубліне – 5,78 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақмола облысында 66 айырбастау пункті, оның ішінде: 54 – банк филиалдарының, 11 уәкілетті ұйымның 12 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы тамыз айында облыстағы айырбастау пункттері 8,4 млн. АҚШ долларын, 1,4 млн. еуро және 593,2 млн. ресей рублін сатты. 2020 жылғы тамыз айында – 6,1 млн. АҚШ доллары, 1,1 млн. еуро және 659,9 млн. ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 214,0 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға азайды.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 83,0% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,77%, шетел валютасы бойынша – 0,81% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 290,8 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 284,8 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,8%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 2,9%-ға ұлғайды (2021 жылғы 1 тамызға – 276,9 млрд. теңге).
2021 жылғы тамыз айында облыс банктерімен сомасы 25,7 млрд. теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы шілде айымен салыстырғанда 18,4% өсті.
2021 жылғы тамыз айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,0%-ды құрады.
2021 жылғы тамызда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 95,3% құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 104,9 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы тамыз айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы шілде айымен салыстырғанда 10,0%-ға ұлғайып, 11 647,9 млн. теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 74,0 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы тамыз айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 4 986,3 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы шілде айымен салыстырғанда 27,8% немесе 1 084,6 млн. теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 қыркүйекке 44,0 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы тамыз айында сомасы 3 675,5 млн. теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы шілде айымен салыстырғанда 62,1%-ға төмендеді (2021 жылғы шілдеде – 2 267,8 млн. теңге берілді). 2021 жылғы тамызда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 16,3% құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 қыркүйекке айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 342,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4% -ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,4% құрайды.
2021 жылғы тамыз айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 141 395,3 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 8,0%-ға өсті). Транзакциялар саны 9 461,0 мың транзакцияны құрап, 6,6%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 7,5% өсіп, 8 678,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 12,8% өсті (мөлшері 94 910,8 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 1,9%-ға дейін азайды (транзакциялар саны 782,2 транзакцияны құрады), сомасы 0,7%-ға азайды (мөлшері 46 484,5 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 8 782 POS-терминал, 414 банкомат, 5 765 кәсіпкер; 7 167 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар