Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Респуб-ликасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болуына, жарақаттануына әкеп соқтырған жантүршігерлік оқиға туралы суыт хабардың қазақстандықтарды бей жай қалдырмағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдеріміз үшін мұның ортақ қайғы екенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы болған оқиғаға алаңдаушылығын білдіріп, барша қазақстандықтар атынан түрік халқына қолдау сөзін жеткізуді өтінді.
«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін, оның күрес тәсілдері мен жолдарын қатаң айыптайды. Қандай мақсатта болса да, жазықсыз қан төгуді еш ақтауға болмайды. Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған аумалы-төкпелі кезеңде біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Р.Ердоғанға, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстары мен барлық түрік ағайындарға көңіл айтты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

 

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабында болды.

 

Елбасы, партия төрағасы «Үгіт-насихат жұмыстары және логистика тобының», «Ұйымдастыру жұмыстары тобының» және «Ақпараттық-сараптамалық топтың» қызметімен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы электоралдық кезең Парламент Мәжілісімен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының өткізілетіндігімен ерекшеленетінін айтты. Мемлекет басшысы кез келген саяси партия үшін сайлау шешуші сәт екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті әлемдік ахуалдың ширығуы жағдайында біздің ел теңгерімді сыртық саясат жүргізіп, жаһандық диалогты ілгерілетіп, сенімді қалпына келтіруге шақыратынын айтты.
– Бүгінде сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар үшін абсолюттік тең құқық қамтамасыз етілген. Инвестиция және даму жөніндегі  министрлік Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық саяси партиялар үшін бұқаралық ақпарат құралдарына теңдей қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Алдағы сайлау халықаралық қоғамдастықтың зор қызығушылығын тудырып отыр. Біз барлық шетелдік байқаушылар,  халықаралық қоғамдық бірлестіктер үшін ашықпыз және оларға қажетті барлық жағдайды жасаймыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев алдағы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының елеулі тарихи оқиға жылында – Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында өткелі отырғанына тоқталды. Соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды жұмылып, алдағы сайлауда дауыс беру арқылы азаматтық борыштарын атқаруға шақырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар