Үгіт науқаны басталды

2016 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысы туралы брифинг болды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 19 ақпанда партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі, сондай-ақ, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталады.
Ортсайлаукомда болған брифинг барысында ҚР ОСК басшысы Қ.Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін сайлау науқанының аталған кезеңінің жалпы қорытындыларымен таныстырды.
Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың 187-сі немесе 79,9 пайызы ер адам және 47 немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі инженер, ал, әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 пайыз) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 пайыз) – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 52 жас, ал, олардың ең жасы – 26 жаста. 20 ақпаннан саяси партиялар үшін 18 наурызда сағат 24.00-де аяқталатын сайлауалды үгіт науқаны басталады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынудың соңғы күні болып табылатын 19 ақпандағы таңғы сағат 9.00-дегі жағдай бо-йынша елімізде мәслихаттарға 11 133 кандидат ұсынылды. Осылайша орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрады. Ұсынылған кандидаттардың 68,6 пайызы өзін-өзі ұсынғандар, ал, қалған 31,4 пайызын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
1 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы Астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына дауысқа түсуде. Аудандық мәслихатттарға 7 085 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 140 кандидат ұсынылды. Кандидаттардың 75,1 пайызының жоғары білімі бар. Көпшілігі мұғалімдер, инженерлер мен экономистер. Кандидаттардың орташа жасы – 43,6 жас. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат 89 жаста.
Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал, 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар