Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үйлерге жылу беру жақсарып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Үйлерге жылу беру жақсарып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров пен «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны басшысы Руслан Мақышев қысқы жылу беру маусымына дайындық бағытында атқарылған жұмыстар және жылудың қазіргі берілу жайы туралы баяндады.

«Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде әлеуметтік мекемелер, Краснояр селосы және Станционный кентіне жылу бере бастады. Сондай-ақ, пәтер иелері кооперативтері, меншік иелері бірлестіктері және серіктестіктер күшімен көп пәтерлі тұрғын үйлерге жылу берілді. Жылуды беру № 1 жылу магистралі арқылы жүзеге асырылды.
Айта кету керек, жылу маусымының басталуы температуралық режимді реттеу-мен қатар жүреді, жекелеген объектілерде жылу маусымына әзірлік жоқ, атап айтқанда сорғыш топтарымен жабдықталған автоматты жылу пункттері ақаулы болып шықты. Бұл кемшіліктердің барлығын пәтер иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігі және серіктестіктер өз күшімен қалпына келтірді.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, №2 сорғыш станциясы қайта құрылыпты. Мұнда Нұр-Сұлтан қаласының «Вилена» серіктестігі бас мердігер болды. Жұмыстар 2021 жылдың 1 шілдесінде басталды және бір ай ішінде аяқталды. «Вилена» мердігерлік ұйымы жобада қарастырылған барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады. Екінші учаскедегі жылу магистральдарының құрылысы да аяқталды.
Алматы қаласынан келген «Сапа құрылыс 2007» серіктестігі Құдайбердиев көшесінен Әуелбеков көшесіне дейінгі 300 метр учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстарын атқарып шықты. 743 метрге дейінгі жылу магистралінің құрылысы жөнінде айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Аскади» серіктестігі екі жылға келісім-шарт жасады. Келесі жылы темір жол жолының астына диаметрі 1000 миллиметр құбыр қойып, ескісін ауыстыру жоспарланған болатын. «Аскади» серіктестігі бұл жұмыстарды жүргізуге «Транстелеком» серіктестігінен рұқсат алды. Қала әкімдігі бұл жұмыстарды аяқтау үшін барлық шараларды қолға алып отыр. «HDD» серіктестігі 3 учаскені бұрғылады. Төртінші бөлімде корпустың жылжуы болғандықтан, құбырларды тарту мүмкін емес. Диаметрі 700 миллиметрлік құбырды 1000 миллиметрге тарту жұмысы келесі жылға жоспарланған. Бертінге дейін облыс орталығында бірқатар үйлерге жылу берілмегенімен, жоғарыдағы жұмыстардың біртіндеп аяқталуына орай, қазіргі жағдай қалыпты арнаға түсе бастады. Соған орай, арыз-шағымдар да азайып, қалаға жылу беру мәселесі дұрыс шешімін табуда деуге болады.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар