Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қайырымдылық керуені» акциясы басталды - АРҚА АЖАРЫ

«Қайырымдылық керуені» акциясы басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, «Хабар» агенттігі және «КТК» телеарнасымен биылғы жылы төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Қайырымдылық керуені» байқауы туралы брифинг болып өтті.

Брифингке Көкшетау қаласындағы Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Сәуле Қасымова, Көкшетау қаласы бо-йынша Іскер әйелдер қауымдастығының «Жас қанаттар» мүшесі, «Қайырымдылық керуені» республикалық жобасының Ақмола бойынша жетекшісі Раушан Тұранова, «Қайырымдылық керуені» ІІІ-ші республикалық жобасының арнайы диплом иегері Татьяна Спиглазова қатысып, сөз сөйледі.
Лауреаттар жеті номинация бойынша өз бағын сынайды. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге ат салысып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Ал, кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік қолдауға ие қайырымдылық қызметіне байланысы бар жандар қатыса алмайды. Өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданатын болады, – деді Көкшетау қаласындағы Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Сәуле Қасымова. Ал, «Қайырымдылық керуені» республикалық жобасының Ақмола бойынша жетекшісі Раушан Тұранованың айтуынша, ағымдағы жылы аталымдар саны артып, жаңа екі номинация қосылған.
–Лауреаттар жеті номинация бойынша өзара бақ сынасады. Атап айтсақ, «Туған жер» номинациясында білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және тағы басқа игі істердің басы-қасында жүріп, туған өлкесіне қайырымдылық көрсетіп жүрген жандар қатыса алады. Ал, «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен қайсарлық танытқан адамдарға беріледі. Мәселен, төтенше жағдайлар, ішкі істер, жедел жәрдем саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер өз бағын сынап көрсе болады. «Мейірім жолында» жылдар бойы қамкөңіл жандарға ешбір өтеусіз қамқорлық жасап, тұрақты көмек көрсетіп жүрген жандарға беріледі. Ал, «Қайырымдылық тарихы» номинациясы биыл алғашқы рет енгізіліп отыр. Онда қайырымдылық тақырыбын, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі. «Бала жүрегі» номинациясында төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі және батырлығымен көзге түскен, сондай-ақ, қайырымдылық іске қатысқан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер өзара бақ сынайды. «Жануарға мейірім» номинациясында жануарларға қамқорлық көрсетіп, оларды асырауға көмектесетін, сондай-ақ, мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттап жүрген жандардың еңбегі бағаланады, – дейді Раушан Тұранова. Байқауға қатысамын деп ниет білдірген үміткерлер www.businesswomen.kz немесе www.fnn.kz сайттарынан қосымша ақпарат алуларына болады. Атап өтерлігі, байқауға қатысамын деушілер саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2019-2020 жылдары ұйымдастырылған «Қайырымдылық керуені» байқауына қатысуға біздің өңірімізден 21, ал, өткен жылы 39 адам ниет білдірген. Байқау ұйымдастырушылары биылғы жылы да облыс тұрғындарын белсенділік танытып, байқауға қатысуға шақырады. Ықылым заманнан бері қазақ халқы үшін қайырымдылық, мейірімділік сияқты абзал қасиеттер жоғары бағаланған. Қазақтың дархан көңілі ұлан-ғайыр даласындай, жүрегінде бар әлем сиып кетердей кеңдік бар. Біз осындай жандарды үлгі тұтып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етуіміз керек. Байқаудың басты мақсаты да осы.
Жиында өткен жылғы «Қайырымдылық керуені» ІІІ-ші республикалық жобасына қатысып, арнайы дипломға ие болған Татьяна Спиглазова да өз ойын ортаға салды. Брифинг соңында журналистер байқау ұйымдастырушыларына сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар