Елімізде ревакцинация мерзімі белгілі болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады. Ревакцинациялауға жататын негізінен тәуекел топтары (медицина мамандары, педагогтар, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қарулы күш құрылымдарының қызметкерлері).
Сонымен қатар 60 жастан асқан және өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар жандар», — деп жазды Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында. Оның айтуынша, ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады. Айта кетейік, кейбір вакциналар адам өмірінде бір рет қана жасалса жеткілікті, ал кейбір вакциналар белгілі бір уақыт өткенде күші қайтуы себепті қайта егіп тұру, яғни ревакциналау керек.