Үздік жас тарихшылар анықталды

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, 9-10 сынып оқушылары арасында педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік онлайн байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Шара Туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімін дамыту мақсатында өткізілді.

Білім басқармасының баспасөз қызметінен атап өткендей, байқауға мектеп, аудандық, қалалық кезеңдерде іріктеуден өткен 13 ауданнан, Степногор, Көкшетау қалаларынан, сондай-ақ, дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан 61 оқушы қатысты. Байқау жеңімпаздары екі тур және «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» және «Менің туған өлкем» атты төрт аталым бойынша анықталды. Қатысушыларды бағалау кезінде қазылар алқасы тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды.

«Мен үшін бұл ауданның тарихи ескерткіштерін зерттеудегі үлкен тәжірибе. Мен көптеген қызықты нәрселерді білдім. Осы байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Республикалық байқауда облыс намысын лайықты қорғауға дайынмын», – деп ойын білдірді Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, «Кіші Отанымыздың символы» аталымының жеңімпазы Нұржан Мұратов.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары дипломдармен марапатталды, алдағы қараша айында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар