Қайта вакциналаудың алғашқы легіне кімдер қатысады

Қазақстанда қайта вакциналау қарашаның үшінші декадасында басталатын болды. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы жазды. «Комиссия отырысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды», – делінген ресми хабарламада. Соның бірі – халықты қайта вакцинациялау мәселесі.
«Ағымдағы жылғы қарашаның үшінші онкүндігінен келесі санаттағы адамдар үшін қайта вакциналауды бастау жоспарланып отыр: тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеулерден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар», – деп жазылған комиссияның шешімінде.
Ведомствоаралық комиссия Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақытын ұлғайтты. Нақтырақ айтсақ, «жасыл аймақта» – сағат 03:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05:00-ге дейін; «сары аймақта» – сағат 01:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан 15 елмен вакцинациялау паспортын тану туралы келісімге қол жеткізген. Олар: Түркия, Мажарстан, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Беларусь Республикасы, Армения, Иран, Сан-Марино, Аргентина, Эстония, Үндістан мен Филиппин.
Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар