Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алған әсер, берген баға - АРҚА АЖАРЫ

Алған әсер, берген баға

Целиноград ауданындағы «Родина» Агрофирмасы» серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр:
– Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында ел экономикасы өркендеп келеді. Білім, мәдениет ошақтарының жұмысы жанданып, еңбек адамдарының алаңсыз жұмыс істеулеріне барлық жағдай жасалуда. Бұл әрине, еңбекке тікелей байланысты. Жұмыс шираса, халықтың жағдайы да оңалатыны сөзсіз.
Облыс әкімі биылғы халық алдында есеп беру кездесуінде осыған ерекше назар аударды. Осы ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес іргелі шаруашылықтардың бірінен саналатын «Родина» Агрофирмасының» басшысы ретінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік мәселелердің барынша оң шешілуіне атсалысамын.

 Жарқайың ауданындағы «Шыңғыс» серіктестігінің құрылтайшысы Қазымбек Ақмағамбет:
–  Облыс әкімінің есеп беру кездесуінен жақсы әсер алдым. Атқарылған жұмыс та, міндет те мол. Талап қоя білетін бұл әкімді көп жылдардан бері білемін. Бұрынғы Торғай облысында танысқанмын. Ол кезде Сергей Кулагин облыстық атқару комитетінің төрағасы, өз басым Фурманов элеваторының бас инженері болып жұмыс істейтінмін. Облыс әкімін істің адамы деп бағалаймыз.
Шаруашылық егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Он бес комбайнды қазақстандық кәсіпорыннан, өзге техникаларды шетелден сатып алдық. Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың қолдауымен «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 200 бас ірі қара мал және 150 бас тайынша сатып алдық. Солтүстік Қазақстан облысынан асыл тұқымды бұқалар сатып алуды межелеп отырмыз. Сонымен қатар, жылқы мен қой ұстаудамыз. Мал азығын дайындау үшін арнайы техникалар сатып алдық. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында балалардың шағын орталығын, жастар демалысы үшін дәмхана аштық. Екі үй салдық. Клуб салуды жоспарлап отырмыз. Қоғамдық монша жұмыс істейді. Осының бәрі іскер әкімнің ықпалының арқасында жүзеге асты.

 Жақсы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері
Людмила Бруй:
– Бүгін облыс әкімінің есепті кездесуінен үлкен әсер алдым. Баяндамада айтылғандай, өңірімізде қыруар істің басы қайырылып отырғандығы біздерді іштей қуантады. Бұл әрине, алдымен Елбасының, одан кейін баршамыздың жұдырықтай жұмыла атқарған игі істеріміздің арқасында қол жеткен жетістік. Соңғы уақытта ауданда көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Осы орайда, өз басым облыс әкіміне шынайы алғысымды білдіремін. Өткен жылы бізге 7 жас дәрігер келді. Олардың барлығы баспана мен көтермеақымен қамтамасыз етілді.
Бұланды ауданындағы «Арна» астық қабылдау пункті» серіктестігінің директоры
Клара Меңдібаева:
– Биылғы жыл ақмолалықтар үшін табысты болды. Облыс әкімінің бұл жолғы баяндамасында оған анық көз жеткіздім. Әсіресе, облыстың өнеркәсіп саласы бойынша республикада 1-ші орынға шығуы бұрын-соңды болмаған оқиға дер едім. Сонымен қатар, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы саласында да ауыз толтырып айтар жетістіктер бар екен. Өзім осы салада жұмыс істегендіктен, мұның қаншалықты маңызды екенін білемін. Біздің Макинск қаласындағы «Арна» астық қабылдау орны алғашқы кезде 30 мың тонна астық қабылдаған болса, қазір мүмкіндікті 70 мың тоннаға жеткіздік. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбавтың Жолдауынан туындайтын міндеттерді бағыт-бағдар еткен халық пен биліктің тізе қосып, бірігіп атқарған нәтижелі жұмысының арқасында жүзеге
асып жатыр.
  Аршалы ауданындағы «Поиск Агрофирмасы» серіктестігінің бас директоры Александр Гусев:
– Облыс әкімінің есеп беру кездесуінде қол жеткізген жетістіктер мен алда тұрған міндеттер жөнінде кең мағлұмат алдым.  Сергей Кулагинді көптен бері білемін. Ол өндірісті әсіресе, ауыл шаруашылығы саласын жақсы біледі. Біздің ауданда бірнеше рет болды. Әлеуметтік салаға қол ұшын созатын шаруашылық субъектілерін  үнемі қолдайды. Берген тапсырмасын ешқашан естен шығарып көрген емес. Біз егіншілікпен қатар, сүт және ет өндіру бағытындағы мал шаруашылығымен де айналысамыз. Қазақтың ақбас сиырларын сатып алып, мал басын асылдандырудамыз.
Өткен жылы дәнді және бұршақты дақылдардан мол өнім жинап алдық. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына дайындалып жатырмыз. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік салаларға қаржы бөліп, мектеп пен балабақшаға қарайласамыз. Мәдениет үйін қалпына келтірдік. Оны 22 Наурыз мейрамында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар