Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қызметкерлері!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аталып отырған Сіздердің кәсіби мерекелеріңіздің маңызы арта түсіп отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңнен бастап азаматтарымызды әлеуметтік қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда болып келелді. Қазір әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға және коронавирустық пандемияға қарамастан, Қазақстан өзінің әлеуметтік жаңғыру бағытын одан әрі жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру қолға алынды. 2022 жылдың басынан ол қайтадан өседі, ал 2023 жылға қарай екі есеге көбейеді.
Өңірімізде әлеуметтік қорғау жүйесінің екі мыңға жуық қызметкері еңбек етеді. Олар бірінші кезекте мұқтаж жандардың мәселесін шешуге көмектесіп, тұрмысы төмен азаматтардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің алғыстарын алып жүр. Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтіндерге үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер бөлек алғыс айтуды қажет етеді. Әлеуметтік сала қызметкерлері өз істеріне адал болып келеді.

Бүгінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі қызметкерлердің кәсіби қасиеттері мен жауапкершілігіне қойылатын талаптар өте жоғары.Әлеуметтік сала қызметкерлері белгілі бір мұқтаж адамға көмектесе отырып, жалпыұлттық міндетті шешумен бірге, әрбір азаматқа әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ете отырып, мемлекет үшін маңызды міндетті жүзеге асырып отырғандықтарын ерекше атап көрсеткім келеді.
Сіздердің баршаларыңызға кәсіби мерекелеріңіз күні атқарып отырған еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге және отбасыларыңызға көтеріңкі көңіл-күй, тыныштық, бақ-береке және зор денсаулық тілеймін!

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар