Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IV республикалық зияткерлік байқауы өтті.
Байқау қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойларының аясында ұйымдастырылды.
Туған ел тарихына аса қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін, қоғамдық белсенділігін дамытуға бағытталған байқауға республика бойынша 84 оқушы қатысты.
Байқауға облыстың кезеңнің жеңімпаздары: «Менің кішкентай Отанымның тарихы» аталымы бойынша Бурабай ауданы Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Мадияр Кабдуллин, «Кішкентай Отанымның символы» аталымы бойынша Атбасар ауданындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Нуржан Муратов, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» аталымы бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Фариза Кажмуканова, «Менің туған өлкем» аталымы бойынша Щучинск қаласы ІТ «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мариям Сагателян қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Мадияр Кабдуллин, Фариза Кажымуканова — күміс медальмен, Нұржан Мұратов, Мариям Сагателян – қола медальмен марапатталды.