Бурабай баурайындағы кітапханашылар семинары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының 75 жылдығына орай, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының және аталған кітапхананың мұрындық болуымен Бурабай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Кітапханалар тәжірибесі: жаңа бастамалар мен жетістіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Оған кітапхана қызметкерлері, Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесінің директорлары мен әдіскерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысын М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Құдайберлі Мырзабек жүргізіп отырды. Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова облыс аумағындағы кітапханалардың екі жыл ішіндегі жеткен жетістіктері мен салалық мәселелері бойынша шолу жасап, алдағы уақыттағы Қазақстан Республикасы мәдениет саясаты тұжырымдамасы мен оның басым бағыттары жөнінде ауқымды баяндама жасады.
Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Анар Күзембаева ауданның мәдениет ошақтарының жағдайын, жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігін, аудандық кітапханада 4 ірі жоба жұмыс істейтіндігін жеткізді. Туристік өңір болғандықтан мәдениет қызметкерлеріне деген талап күшті екендігін, соған сәйкес кітапхана қызметкерлері де өз жұмыстарын белсенділікпен атқаратындығын ризашылықпен тілге тиек етті.
Облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Жұмабике Мұрзағалиева «Жаңа кезең – жаңа жұмыс түрлері», Бурабай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нәзира Рамазанова «Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен түрлері» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинарда облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту және ақпараттық-библиографиялық бөлімдерінің мамандары шеберлік сабақтарын өткізді, онда кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері Әсем Жұмәділова «Виртуалды кітап көрмесінің» қалай жасалу жолын семинар қатысушыларына Абайдың 175 жылдығына орай дайындалған кітап көрмесінің үлгісінде түсіндірді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысымен таныстыру мақсатында Қарлығаш Тінәлина «Рухани жаңғыру – қоғам дамуының тірегі» тақырыбындағы тәжірибелік сабағында осы бағдарлама бойынша өңіріміздегі жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды таныстырса, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің басшысы Махаббат Ивахина «Құжаттарды цифрландыру» тақырыбында тәжірибелік сабағын өткізді. Ол облыстық кітапханада цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды слайдтың көмегімен таныстырып шықты. Құжаттарды цифр-
ландыру тақырыбы бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болғандықтан қызығушылық танытқандар көп болды.
Бурабай ОКЖ ұжымы облыстық семинарға қатысқан әріптестерін жаңа креативті жобалармен таныстырып, кітапханалық жобаларды жоспарлау-
дан бастап соңғы нәтижесіне дейін жеткізу жолдарын көрсетті, «Кітапхана – шығармашылық алаңы» атты кітап көрмесін де ұйымдастырды.
Баяндамалар мен әдістемелік ұсынымдардың жалғасы Бурабайдың тамаша табиғатының аясында жалғасын тауып, Көкшетау қыратының ең биік жері Оқжетпес тауына, ашық аспан астында орналасқан «Ботай – Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайына, «Абылай хан алаңына» және өзге де қасиетті жерлерге саяхат жасалды. Бурабай ОКЖ қызметкерлері Зәуреш Оразалымова және Айсұлу Әбдіғожинаға тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, кітапхана саласындағы еселі еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Семинардың екінші жұмыс күні Степногорск ОКЖ-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Алтын Ілиясова және библиограф Лариса Саленко «Ынта, Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында тренинг сабақтарын жүргізді.
Одан әрі «Кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» тақырыбында ашық микрофонға кезек беріліп, онда Степногорск қаласының, Ерейментау, Бұланды, Есіл аудандарының ОКЖ директорлары осы екі күндік семинардан алған әсерлері мен үйреніп-білген жаңалықтарына қатысты өз ойларын ортаға салды, ұсыныстарын айтты, Бурабай ОКЖ ұжымының өнегелі істеріне ризашылықтарын білдірді.
Семинардың соңында Құдайберлі Мырзабек сөз алып, іс-шарада кітапхана ісіне қатысты біраз тақырып қозғалғанын, кітапхана қызметкерлерінің заман талабына сай күнделікті ізденіс үстінде жұмыстарына жаңалық енгізу үшін мұндай семинарлардың қажет екендігін баса айтып өтті және кітапхана директорлары мен әдіскерлеріне семинарға белсене қатысқандары үшін сертификаттар табыс етті.

Бостангүл ЕРМАНОВА,
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар