Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат айқын, міндет зор - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат айқын, міндет зор

«Достар» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі  Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген облыстық филиалдың ХХ есеп беру-сайлау конференциясында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты филиал алдында  тұрған міндеттер талқыланып, Саяси кеңес пен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, партияның Саяси кеңесінің мүшесі Светлана Романовская  қатысып, сөз сөйледі.
Облыстағы 330 бастауыш партиялық ұйымынан сайланған 275 делегаттың қатарында саяси кеңес, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес, бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық фракцияларының жетекшілері, аймақтық партиялық кураторлар, партияның өңірлік филиалдарының төрағалары мен олардың бірінші орынбасарлары, «Жас Отан» жастар қанатының активі, бастауыш партиялық ұйымдардың төрағалары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерінің басшылары болды.
Облыстың партиялық ұйымының қорытынды шарасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының жаңа Жолдауын  жүзеге асыру бойынша негізгі баяндаманы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Кулагин жасады. Ол алдымен, облыста 333 бастауыш партия ұйымына біріккен 35 мың нұротандықтың барын тілге тиек етті. Елбасының жаңа экономикалық бағдарламасының халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған нақты жоспар екендігін баса айтқан ол партия филиалындағы Саяси кеңес пен Саяси кеңес бюросының атқарып жатқан жұмысына да тоқталды. Соңғы екі жарым жылдың қорытындылары бойынша партияның сайлауалды тұғырнамасының облыста сәтті жүзеге асырылғанын тілге тиек еткен әкім тұғырнаманың білім беруге қатысты тармағын жіліктей сөйледі. Ол ең алдымен, осы уақыт ішінде өңірде мектепке дейінгі
95 мекеме ашылып, жыл соңына қарай тағы
3 балабақшаның құрылысы аяқталатындығын жеткізді. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш республикалық жоспардан бұрын орындалып отыр. Бұдан басқа, есептік мерзім ішінде бізде 13 мектеп салынып, жыл соңына дейін тағы үшеуін пайдалануға беру көзделуде. Инклюзивті білім беруге 155 орта мектеп пен 24 балабақшада осындай үлгіде білім алушыларға тиісті жағдайлар жасалған. Партиялық құжаттың «Ұлт саулығы» бағытының негізгі көрсеткіштері бойынша да алға жылжу бар. Соңғы екі жарым жылда жалпы өлім-жітім 10,1 пайызға азайды. Бүгінгі таңда екі аудандық емхана, бір аурухана, он дәрігерлік амбулатория мен жеті медициналық пункт салынуда. Қазір облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі  5,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендете түсуге бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы − 2020» бағдарламасы елімізде сәтті іске асырылуда, бүгінде аталмыш бағдарлама аясында үш мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау да партияның алға қойған басты мақсаттарының бірі. Жалпы аймақта 838 осындай жан бар десек, олардың  455-і жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде тұрақты жұмыспен қамтылған. Филиал төрағасы мұның өзінің көңіл көншітерлік көрсеткіш еместігін атап өтті. Барлық деңгейдегі  партиялық ұйымдар мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, бұл бағытта әлі де жұмыс жасаулары қажет.
Негізгі баяндама бойынша жарыссөзде облыстық  партия филиалы жанындағы  Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы, облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, Целиноград аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев, партияның «Білім және ғылым» сарапшы тобының аймақтық кураторы, облыстық мәслихат депутаты, Ерейментау қаласындағы №3 орта мектептің директоры Бақыт Молдажанова, «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманский, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарының жүлдегері
Фаина Сиванбаева сөз сөйлеп, партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бағытында өз өңірлерінде  атқарылып жатқан ілкімді істерден хабардар етті. Ал, облыстық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясының өткен екі жыл бойы атқарған жұмысы туралы оның төрайымы Галина Марченкова есеп берді. Жиын барысында аталған комиссия мен Саяси кеңестің жаңа құрамдары сайланды.
Осы орайда,  Саяси кеңес мүшесі Валерий Симчуктің тұжырымдары көпшіліктің көңілінен шықты деп айтуға толық негіз бар. Ол патриотизм мен еселі еңбек қана нұротандықтарды тек биік белестерге жетелейтіндігін айта келе, жоғары партия мектебінің негізінде жоғары саяси мектеп ашу қажет деген ой айтты. Бұл билік партиясының  рөлін одан да арттыра түсер қарышты қадам болар еді. Аталған саяси алаңды ел мүддесі үшін жасалар игіліктерді талқылайтын негізгі мінберге айналдырып, экономика мен саясатта, әлеуметтік салада қалыптасқан мәселелерді шешуде басты құрал ретінде пайдаланса да оның берері мол болары сөзсіз.
Алқалы жиынның ізін ала өткізілген Саяси кеңес бюросының кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, партияның Саяси кеңесінің мүшесі Светлана Романовская сөз алып, Мемлекет басшысының партиялық алаңда елдің жаңа экономикалық саясатын жария етуінің нұротандықтарға айрықша жауапкершілік жүгін артатындығын баса айтты. Енді партия Көшбасшысы алға қойған міндеттерді іске асыруға бел шеше кіріскен жөн. Бұрынғыдан ерекшелеу болғалы тұрған  бұл жылда босаңсуға әсте болмайды. Президент атап көрсеткен негізгі салалардың өсіп-өркендеуі үшін барлық күш-жігерді салып, бар мүмкіндіктерді пайдаланып, еселі еңбек ету маңызды.  Депутат жұдырық болып жұмылған партияластарының бұл үдеден шыға алатындықтарына зор сенім білдірді.
Сондай-ақ, жиында облыстық мәслихат депутаттары Бұланды аудандық «Сарытомар» шаруа қожалығының басшысы Тұрлыбек Болатов пен Көкшетау қалалық ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов, Егіндікөл ауданындағы Бауман орта мектебінің ән-күй пәнінің мұғалімі Евгений Исаченколарға «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісі тапсырылып, басқа да  партия белсенділеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ, шара барысында аймақтық партия ұйымы мұрындық болған «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» атты облыстық фотосуреттер байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Байқау қорытындылары бойынша үздік деп танылған өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының фототілшілеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар