Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлік туралы ұлттық жоба жасалды - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлік туралы ұлттық жоба жасалды

Бұл жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және кәсіпкерлер санының өсуін жеделдетуге бағытталған. Бұл шаралар бәсекелестікті кешенді дамытуға ықпал етеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Бұл бағытты іске асыру шеңберінде 10 тапсырма, 30 көрсеткіш пен 69 іс-шара көзделген.

Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 8,5 триллион теңге, соның ішінде, республикалық бюджеттен
1 триллион теңгеден аса, жергілікті бюджеттен 125 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, 7,3 триллион теңге сомасына жеке инвестиция тарту қамтамасыз етіледі.

«Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бағыты шеңберінде кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету көзделеді. Өз ісін ашу үшін, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жағдай жасау бойынша шаралар қабылданады. Іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында шетелдік бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру көзделеді. Сонымен бірге, жұмыссыздарды қамту мақсатында «Түлектерге арналған жастар практикасы», «Әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты жобалар, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылады.

Барлық шараларды қабылдау нәтижесінде жеке ісін ашқан адамдардың үлесі 1,7 есеге артады.
Субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 1,4 есе өседі. Қаржылық емес қолдау шараларымен қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 638 мыңға жетеді, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 55-тен 80 пайызға дейін өседі.

«Кәсіпкерлердің өсуін жеделдету» бағыты бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту жоспарланған. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «Бизнеске арналған үкімет» порталына интеграциялау 2025 жылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін 40 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлу ауылда 55 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісін құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қаржылық қолдау шарасы кәсіпкерлік субъектілерінің 52 мыңнан астам жобасына ұсынылады. Ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады.  Бөлу, сату және сақтауға арналған 24 көтерме-тарату орталығын құру; 5 трансшекаралық сауда орталығын құру мен жаңғырту; сондай-ақ, стационарлық форматта 103 сауда нысанын жаңғырту көзделген», – деді министр.

Нәтижесінде көпформатты сауда нысандарының саны 6-дан 132-ге дейін артады. «Жаңа тауашаларды қалыптастыру» бағыты шеңберінде туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделген. Елдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында 1000-ға жуық инвестициялық жоба іске асырылып, жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі туризм саласының көлемі кемінде 8 пайызды құрап, ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 миллион адамға дейін ұлғаяды, ал, туризм саласындағы инвестициялар көлемі шамамен 7 триллион теңгені құрайды.

«Туристік саланы дамытуға заманауи технологияларды енгізу үшін туристік қызмет көрсету саласы мен сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында шаралар көзделген. Бұл орналастыру орындарының 95 пайызын E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді. «Бәсекелестікті кешенді дамыту» бағыты шеңберінде тауар биржаларын дамыту, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету шаралары көзделген. Нәтижесінде сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 100 пайызға дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 пайызға дейін азайтылады» деді ведомство басшысы.

Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70-ке дейін қысқартылады. Сонымен қатар, 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған. Бірыңғай операторлар саны 1,6 есеге қысқарады.

ortcom.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар