Ерекше назар аударып, батыл күресуді қажет етеді

Әкімшілік құқық бұзушылық, жол-көлік оқиғалары және азаматтардың құқық қорғау органдарына өтініштері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Баспрокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Тимур Кәрімов бастап келген департаменттің бөлім басшыларымен  брифинг болып өтті.

Облысымызда өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылық оқиғалары көбейе түскен. Әсіресе, аса ауыр қылмыс саны өсіп, 78 пайыздан асқан жайы бар.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, адам өлтіру, бұзақылық, алаяқтық, есірткі қылмыстары, адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстары өскен. Тонау, ұрлық және мал ұрлығы бұрыңғы деңгейде қалды. Құқық қорғау органдары қылмысты көбіне бұрын сотты болған 30 бен 39 жас аралығындағы жұмыссыз ер адамдар жасайтынын атап өтті.

–Қазір 10 мың тұрғынға 72 қылмыс тіркеледі. Тіркелген қылмыстардың 36,2 пайызы Көкшетауда, 10,3 пайызы Степногорск қаласында орын алған. Қалған 53 пайызы облысымыздың аудандарында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Қорғалжын ауданында, мұнда 18 қылмыс орын алған, – деді өз сөзінде облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің бөлім бастығы Виктор Красноусов.

Әкімшілік субъектілері өңірде 392 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Облыста адам өліміне немесе жарақат алуына әкеп соқтырған 622 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлікоқиғаларыныңкөпшілігіелдімекендердеболды.

–Ең көпжазатайым оқиғалар Көкшетауда – 151, Целиноград, Бурабай және Атбасар аудандарында тіркелді. Жол-көлікоқиғаларыныңсалдарынан 933 адамзардапшекті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Өткенжылы 864 адамзардапшеккенболатын. Оның 201-і кәмелетке толмағандар. Одан басқа 69 адам көз жұмды, – деді департаменттің бөлім басшысы Әсел Аймұрзинова.

Статистика бойынша жол апаттары аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері көп тіркеледі екен. Жол-көлік оқиғаларының суреті мен бейне жазбаларын «Qamqor.gov.kz» сайтында орналасқан «Апат картасынан» көруге болады.

Биылғы жылы «e-Otinish» жүйесі арқылы электронды форматта азаматтардан 65 мыңнан аса өтініш түскен. Жүйеге 10 мыңнан аса ұйым, мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынышты ұйымдардың 154 мың қызметкері қосылған. Ең көп хаттар жер және жерді пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол қауіпсіздігі, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша түседі.

–Осындай цифрлық профильді құру арқылы өтініштерді қарау тәртібіне бақылау күшейтілді. Өйткені, ол прокуратурағажәне жоғарыда тұрған органдарға, тіпті, өтініш ауыл әкіміне түскен жағдайда да, соған қатысты барлық үдерістерді бақылауға мүмкіндік береді. E-Otinish жүйесі өтініш берушілерге олардың құжатын қарау барысын бақылауға және берілген жауаптың сапасын бағалауға жағдай туғызады, – деді департаменттің бөлім бастығы Ләззат Құдабаева.

Құқық қорғау органдары азаматтардың өз тарапынан қарапайым қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударуы керектігін еске салады. Соңғы кездері интернет-алаяқтық та жылдам қарқын алуда. Ол қылмыстың 31,6 пайызын құрап отыр.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар