Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нұрлы жол – елдің ертеңі - АРҚА АЖАРЫ

Нұрлы жол – елдің ертеңі

Тәуелсіздік тарихында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауларымен ғана емес, ел болашағы мен ұлт тағдырын сөз еткен мақалалары мен сұхбаттарындағы кемел ойымен зиялы қауым мен жұртшылық арасында ерекше ілтипатқа бөленіп келеді.

Осындай ой бөлісулердің ара-арасында «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының орны ерекше болып отыр.Маған Президент Жолдауының нақты істерге негізделген, ел мүддесімен ұштасқан бақытты болашаққа бағдары, ел дамуының жаңа стратегиясы ретінде сенімге серпін беретіндігі ұнады, рухани қуат береді. Сөйтіп, Елбасының жүрекжарды толғанысы көкейімде жүрген ойымды дөп басты!
Жолдаудан туындаған пікірімді бірден-ақ айта кетсем, Елбасы өзінің Жолдауын келесі жылды күтпей, бірден жариялап, Үкіметке оны іске асырудың      жоспарлары мен тетіктерін жасауға мүмкіндік бергені болашаққа бастар жол деп санай-мын. Екіншіден, ел алдында берген уәдені орындау, халықтың әлеуметтік-тұрмыстың жағдайын жақсарту бағытындағы туындайтын сұрақтарды мейлінше азайту тағлымды сөз, тартымды ой деп есептеймін.   
Халық арасында «жол – өмір» деген сөз де бар ғой. Және бұл жол шын мәнінде бәріне өмір беретін, жақсы тұрмысқа жеткізетін жолдар болмақшы.Осындай үлкен істердің бәрі тәуелсіздік пен ата тарихымызды түгендеуден бастау алатынын Нұрсұлтан Әбішұлы барша отандастарымыздың жүрегіне жеткізіп айта білді деп санаймын.   
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстанның қазіргі бағыты мен ұстанған жолы және Мәңгілік Ел болудың басы ежелгі ата-бабалар салған Сара жолдан бастау алатынын түйіндеп берді. Бұл шымыр да жинақы, қорғасындай салмақты, тайға таңба басқандай айқын тұжырымға өзге бір сөздерді араластырудың жөні жоқ деп есептеймін. Жолдауды тыңдай отырып Елбасымыздың өзі дара, сөзі сара екеніне тағы көз жеткізе түстік.
Осылайша көзбен көріп, қолымен ұстап, жүрекпен сезінген нақты табыстарымыз, қалыптасқан мемлекетіміз бар, сол үшін де біз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» екендігіне, әрі жүзеге асатынына кәміл сенеміз. Сөзім дәлелді болу үшін тағы бір айтарым бар. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген қанатты сөз бар. Өз басым Қорғалжын ауылын кіші Отаным деп білемін. Міне, сол Қорғалжынға апаратын жолға және оның қорығының өзіне де жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін ұсынып, Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың атына биыл 19 маусымда болған жалпы отырыста сауал жолдаған еді.
Біріншіден, ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары қатарында 5 «этноауыл» құру жоспарланып, соның бірін Қорғалжында құру әрі қорыққа бару туристік маршрут ретінде енгізілгені. Қорғалжындықтар үшін өте қуанышты хабар.
Ең бастысы, Елбасы Жолдауына айтылғандай, «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» дегендей, барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Ендеше, Қорғалжынға апаратын жол күрделі жөндеуден өтетініне үміт бар. Себебі, алысты жақын ету бүгінгі Жолдаудын ең басты түйіні болмақ.
Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті  жағдайлар жасалған. Кезінде «болашағы жоқ аудан» деп сыртымыздан мысқылдап күлушілер де аз болған жоқ. Біз мойымадық, туған ауданымызға бір жақсылық оралып келеріне сенумен болдық. Аудан орталығындағы мешіт,  мектеп-гимназия, Дружба орта мектебі, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді, модульдік жылу қазандықтары қойылды, жоспарланған тұрғын үйлердің алғашқылары бой көтерді.  Ауыл адамына кәсіп табылып жатыр. Ең қуаныштысы, күрделі жөндеуден өткен аудандық мәдениет үйіне облыс әкімі С.Кулагиннің тікелей араласуымен 22 миллион теңге бөлініп, көрермендер залына жұмсақ орындықтар алынды, аудандық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде, оған жаңа «Хюндай» маркілі реанимациялық автокөлігі сыйға берілді.
Бұл дегеніміз, кешегі Жолдауда айтылғандай, барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеліп, әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың тұрмыстық деңгейін арттыруға қатысты уәделердің орындалып келе жатқандығы, әлі де орындалатындығы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауымен таныса отырып, өз басым осындай ойларға келдім. Енді тек әр адам өзінің меңгерген мамандығы бо-йынша елінің дамуына лайықты үлесін қосуға тиіс. Жолдау бізді осыған бағыттап отыр.
               
Мұхит ШЕРМҰХАНҰЛЫ,
«Нұр Отан» партиясының ардагері.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар