Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм саласы ілгерілесе... - АРҚА АЖАРЫ

Туризм саласы ілгерілесе…

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбековтың қатысуымен «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары» тақырыбында брифинг болып өтті.

Бірден айта кетуіміз керек, аудан өңіріміздегі даму қарқыны бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірінен саналады. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосқандардың алдыңғы шебінде Сандықтау ауданы болса, машина-трактор паркінің жабдықталуы бо-йынша да бұл аудан 1 орында екендігін атап өтуіміз керек.

– 2021 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46 миллиард 923 миллион теңгені құрап отыр. Ірі қара мал басы 107,6 пайызға, ұсақ мал – 110,5 пайызға, жылқы – 106,5 пайызға, құс – 102 пайызға өсіп, оң динамика байқалады. 2021 жылы егіс алқабы 309,8 мың гектарды құрады. 378,8 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылып, орташа өнімділік гектарына 12,9 центнерден айналды. Мал қыстату науқанына 56,5 мың тонна шөп дайындалды, 16,9 мың тонна пішендеме, 68 мың тонна сабан да бар. Жалпы, 2021-2022 жылы қыстауға 29,1 мың бас мал кірді, –дейді аудан басшысы.

Брифингте айтылғанындай ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 миллиард 43,0 миллион теңгені, өңдеу өнеркәсібі 1 миллиард 404,9 миллион теңгені құрап отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 12 миллиард 703 миллион 900 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Аудан құрылыс саласы бойынша да алдыңғы қатарда. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 2208 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бүгінгі күні Балкашино селосында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, 36 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлер 2022 жылдың 1 жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 49,5 миллион теңге сомасындағы қаражатқа Новоромановка және Каменка ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша, сондай-ақ Белгород ауылында су құбыры желілерін қайта жабдықтау бойынша жұмыстар басталды. Жұмыс істеп тұрған 1053 шағын және орта бизнес кәсіпорындары бар. Ағымдағы жылы 162 жаңа жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылдың басынан бастап 104,6 миллион теңгеге 5 жоба іске асырылды. Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 168 мың теңге көлемінде.

–2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Балкашинода «Урожай» стадионын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны іске асыруға 220,9 миллион теңге бөлінді. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 69,5 миллион теңге қаржы бөлінді, –дей келіп, аудан басшысы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне де көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті.

Жиын барысында журналистер тарапынан Сандықтау өңіріндегі туризм саласының кенже қалып отырғандығы туралы сұрақтар қойылды. Аудан әкімі осы бағытта да жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып жатқандығын айтып, бірқатар жобалар қолға алынады деп сендірді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар