Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Текті сөздің төресі – терме - АРҚА АЖАРЫ

Текті сөздің төресі – терме

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Целиноград ауданының орталығы Ақмолда тамаша бір игі шара өтті. Оны ұйымдастырған «АЛЖИР» мемориалдық мұражайының ұжымы. Қазақтың ежелден келе жатқан ауыз әдебиетінің ерекше бай мұрасының бірі терме екені белгілі.

Ел Тәуелсіздігін жырға қосқан қазақтың небір ақын-жырауларының ішінде біз Шалкиіз, Қазтуған, олардың ізін басқан Бұхар жырау, Үмбетей, Ақтамберді, Тәттіқара, Қожаберген жыраулар, сондай-ақ, Сегіз сері мен Махамбетті бірінші кезекте еске алар едік. Қазақтың елі – Алтын Орда заманында ерен ісімен ерекшеленгенін осы жыр алыптарының маржан сөздерінен әбден ұғынуға болады.

Апта басында «АЛЖИР» мұражайында бүгінгі өнерпаздардың ішінде аты бәйгеден олжа салып тұрған Алмас Алмат жыраумен кездесу өтті. Қазақтың заңғар азаматының қасында өлеңді сөз патшасы деп санаған термешілер Елікбай Исаев пен Серік Оспанов болды. Мұражай қызметкері Гүлнұр Төлепбергенова салтанаты жарасқан кездесуді ескінің сөзімен, жыр шумақтарымен өрнектеп, әдемі өрбітіп отырды.

Алмас ақын өзінің әрбір сөзін өлеңге айналдыра білді. Тәуелсіздік үшін жанын қиған батырлар мен ақиық ақындар жайлы толғана сөз сөйледі. Арасында жыраулардың әсерлі жыр-толғауларынан сыр шертіп, қазақ елінің өмірінде болған небір қым-қиғаш әрі күрделі оқиғаларды еске алып отырды.
Махамбеттің «Еділ мен Жайық – екі өзен» шығармасы да тыңдармандарын бейжай қалдырмады. Келген өнер майталмандары елдік істер жайлы баяндап, өздерінің қонақкәделерін жасай білді. Термеші-ұстаз Елікбай Исаев екі баласы қатарынан шетінегенде қатты қамыққан Кенен Әзірбаевқа қырғыздың дауылпаз ақыны Тоқтауылдың арнайы шығарған «Жұбату» өлеңін нақышына келтіре шырқап берді. Бұған қоса ол Қаратау елінің дәстүріне салып, «Сөйлеші тілім» жырын қоса толғады.

Арқа елінің белгілі өкілі Серік Оспанов Кәкімбек Салықовтың жұрт сүйсіне тыңдайтын «Дала дастаны» әнін орындады. Әні мен сөзі үйлесіп келген шығармадан тыңдарман Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Балуан Шолақ, Естай ақын, Тәттімбет, Жаяу Мұса, Мәди сияқты белгілі ақын-күйшілердің атын естіп, ерекше бір әдемі сезімге бөленді. Жыраудың сөзі – насихат десек, біз есімдері елге белгілі жампоздарымыздың қазақ еліне сіңірген өлшеусіз еңбектерін жыр дүлдүлдерінің арқасында тағы да бір керемет сезінгендей болдық.

Өз кезегінде Целиноград ауданының әнші-термешілері – Еркебұлан Қасымов тектінің бірі Балуан Шолақтың «Сентябрь», ал, Қалалбек Арманбек Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім» әндерін шалқыта орындады. Осылайша бұл кездесудің орны бөлек болды. Уақыт өлшеулі болса да, жиналған қауым алыстан келген қонақтарды көпке дейін босатпады. Әсерлі кездесу барысында көрермен қауым өздерінің сұрақтарына да жан-жақты жауап алды.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ,
Қазақстанның құрметті журналисі.
Нұр-Сұлтан қаласы.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар