Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының құқы бұзылмауы керек - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының құқы бұзылмауы керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов бүгінгі таңда еңбек адамына тиесілі әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінде айтып берді.

Кәсіподақтар әлеуметтік әділеттілік қағидасымен еңбеккерлер мүддесін биік қойып, олардың заңды құқығын қорғайды. Бүгінгі күні облысымыздағы кәсіподақ орталығы 10 салалық және өзге де кәсіподақтармен біріктірілген. Мұнда құрамында 79 мың 616 адамы бар 1177 бастапқы кәсіподақ ұйымы, оның ішінде 11 ірі кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдары еңбеккерлерінің тек қана 50,6 пайызы кәсіподақ мүшесі болып табылады. Еңбеккерлер ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы хат түріндегі келісімге отыратын ұжымдық келсім-шарт құқықтық болып табылады. Ұйымдарда әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін бұл құжатта еңбек адамы үшін барлық әлеуметтік жеңілдік пен кепілдіктер айтылған. Облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы өңірде 6 746 ұжымдық келісім-шарт жасалғанын, бұл облыс бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың 61,9 пайызын құрайтынын айтты.

–Еңбек адамына қолдау білдіретіндердің бірі – «Семізбай-U» серіктестігі әкімшілігінің және кәсіподақ ұйымының арасында ұжымдық келісім-шарт бар. Қабылданған міндеттерге сәйкес, өткен жылы кәсіпорындағы кәсіподақ мүшелеріне 1,1 миллиард теңгенің қосымша төлемі жасалды. Бұл кәсіпорынның бір еңбеккеріне 2,7 миллион теңге төленді деген сөз. Қызығушылықты арттыру және білікті еңбеккерлерді тарту мақсатында ұжымдық келісім-шартта жұмыстың вахталық әдісі үшін қосымша еңбекақы, ерекше маңызды тапсырмаға сыйлық, рационализаторлық ұсыныс сыйлығы, бір айлық мөлшерінде әлеуметтік демалысты төлеу, білікті жұмысшы мен зиянды еңбек жағдайындағы жұмысқа үстемақы төлеу қарастырылған.

Сондай-ақ, адам капиталын дамытуға және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған «Тыныс» акционерлік қоғамының, «КөкшетауЭнерго» серіктестігінің, бірқатар медициналық мекемелердің ұжымдық келісім-шарттарын атап өткен жөн. Кейбір ұжымдық келісім-шарттар нормативтік-құқықтық актіге жай ғана сәйкестендірілген. Бұған тексерістен құтылудың амалы деп қарау керек. Әлеуметтік-еңбек қатынастарында ұжымдық келісім-шартты реттеудің проблемасы толық шешілмеген. Мәселен, жұмыс берушілер ұжымдық келісім-шартқа отырудан жалтарады, келісу үрдісін ұзаққа созады. Экономикалық дағдарысты сылтау етіп, ұжымдық келісім-шартты біржақты тәртіппен өзгертеді,–деді Қали Рахметов өз сөзінде.

–Жұмыс берушіде әлеуметтік жауапкершіліктің жоқтығы адам капиталын дамытуға дайын еместігін көрсетіп, нәтижесіз басқаруға алып келеді. Кәсіподақтар әртүрлі алаңдарда еңбеккерлердің жалақысын көбейту, оның ішінде ең төменгі еңбекақы мөлшерін арттыру мәселесін көтерді. Осы орайда, Мемлекет басшысы «Тыңдайтын мемлекет» құрып, бұл мәселені оңынан шешті. Келесі жылдан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшері 60 мың теңгені құрамақшы.

Сондай-ақ, бюджеттік сала еңбеккерлерінің жалақысы көтеріледі. Бүгінгі күні Қорғалжын, Шортанды, Атбасар, Егіндікөл, Біржан сал, Ақкөл, Есіл аудандарының жұмыспен қамту көрсеткіші төмендеп кетті. Өзге аудандарда да бұл жағдай мәз емес. Сондай-ақ, статистикалық мәлімет бойынша еңбекақы мөлшері салық органдары ұсынатын мәліметтерден өзгеше. Бұл әлі де болса, әділетсіздіктің салтанат құрып тұрғанынан хабар береді, – деген кәсіподақ орталығының төрағасы журналистер қойған сауалдарға нақты жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар