Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр Pfizer-ді ақысыз салдыру туралы сұраққа жауап берді - АРҚА АЖАРЫ

Министр Pfizer-ді ақысыз салдыру туралы сұраққа жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын елімізде ақысыз түрде салдыру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр елімізге жеткізілген барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз болуын бақылайтын тиісті реттеуші бар екенін айтты. «Бұл тұрғыда жеке адамның өз таңдау құқығы бар. Мәселен, тұмау бойынша вакцинаға тоқталсақ, біз нарықта қолжетімдісін сатып аламыз да, азаматтарға ақысыз түрде ұсынамыз. Ал кейбірі бөлек ерекше брендті сұратады», — деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Сонымен қатар министрге тілшілер «Pfizer вакцинасы не үшін керек ?» деген сұрақ қойды. «Негізгі уәж — адамдар шетелге сапарлағысы келеді. Егер Еуропаға баруға ақшаңыз болса, төлеңіз», — деді Алексей Цой. Айта кетейік, Қазақстанда Pfizer препараты 12 жасқа толған балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ақысыз егіледі. Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болатынын айтты.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/ministr-pfizer-di-akysyz-saldyru-turaly-surakka-zhauap-berdi_a3871836

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар