Жақында Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент домофон қызметін көрсету нарығына талдау жасап, бұл салада жұмыс жасайтын 4 кәсіпкердің тұтынушылармен жасалған келісім-шарттарында бәсекелестік заңнамасының бұзылуларын анықтады.
«Moдус KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкерлер С.А.Мельберт, В.А.Головченко, С.С.Лозинская келісім-шарттар жасау кезінде тұтынушыларға домофон арқылы техникалық қызмет көрсетуді мәжбүрлеген.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының талаптарына сәйкес, аталған 4 домофон қызметін көрсетушілерге олардың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді. Ал, хабарламаны орындамау тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Балнұр ТӨЛЕГЕНОВА,
Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеу бөлімінің бас маманы.