Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қажеттілеріне қолдау көрсетіледі - АРҚА АЖАРЫ

Қажеттілеріне қолдау көрсетіледі

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының оңалту және банкротқа қатысты заңнамасындағы жаңа нормаларды түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.

Облыстық әкімдік ғимаратында өткен мәжіліске Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау департаментінің берешектермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Мотовилова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың,  екінші деңгейлі банктердің өкілдері және осы саладағы өзге де тұлғалар қатысты.
Өткен жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Аталған заңда банкрот болып та-нылған кәсіпорынды сақтап қалудың баламалы тәсілдері ұсынылған. Осы орайда,  жиналғандар алдында бірінші болып сөз сөйлеген Елена Мотовилова жаңа заңнаманың арқасында борышкер мен кредиторлар арасында төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттеу – банкроттықтан құтылудың бір жолы екенін атап өтті.
– Өкінішке қарай, кәсіпорындар дағдарыстан қалай шығуға болатындығын білмей жатады. Көбінесе мұндай жағдайларға тап болғандар қаржы мәселесін өздігінен шешуге тырысады. Алайда, қиын-қыстау кезеңнен заңнамаға сүйене отырып шығуға болады, – деп түсіндірді Елена Мотовилова.
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаменті бас-шысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов пен маман-дандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Бақытжан Рахманбердиев  облыс бойынша банкрот деп тану туралы барлығы 110 арыз келіп түскенін атап өтті.
Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары жаңа заң аясында банкроттыққа ұшырағалы тұрған ұйымдарға талдау жүргізу арқылы қажеттілеріне қолдау көрсету керектігін айтып өтті.

 

Аслан ОСПАНОВ\

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар