Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақты - АРҚА АЖАРЫ

Эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақты

Бұл жайында Атбасар ауданының әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Биылдың өзінде 2 мыңға жуық аудан тұрғыны коронавирус індетін жұқтырған. Соның 1667-сі ересек адам болса, 195-і 14 жасқа дейінгі жеткіншек екен.

–Жұқпалы аурулар стационарларында 9 науқасқа ем-дом шаралары жүргізілуде. Коронавирус індетінен айықпай кеткендер де бар. Жыл басынан бері 11 науқас осы дерттен көз жұмды, – деді брифингте сөз алған аудан әкімінің орынбасары.

COVID-19 індетін жұқтырған атбасарлықтардың басым көпшілігі жұмыс істейтін азаматтар мен зейнет жасындағы жандар. Сондықтан, халықты жаппай вакцинациялау қолға алынып, бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астам аудан тұрғыны екпе алып үлгерген.

–Бүгінде 54 жасөспірімге, 6 жүкті әйелге Коминарти екпесі салынды. Ал, 186 адам ревакцинадан өтті. Карантинге алынғандарға келер болсам, бүгінде 30 шақты атбасарлыққа үйінен шығуға шектеу қойылды, – деді аудан әкіміның орынбасары одан әрі өз сөзінде.

Аудан басшысының мәлімдеуінше, коронавирус індетінің таралуын тоқтату мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан, COVID-19 белгілерінің тіркелуі бәсеңдемей тұр. Бүған себеп, атбасарлықтардың эпидемиологтар тарапынан берілген кеңестерді ұстанбауы болып отыр. Сондай-ақ, бетперделерін кимей, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамауда. Бүгінде ASHYQ қосымшасында Атбасар ауданы бойынша 150 нысан тіркелген. Карантиндік шектеулерді қадағалайтын 3 мониторинг тобы бар. Олар жыл басынан бері 300-ге жуық рейд жүргізіпті.

– Осындай іс-шаралардың нәтижесінде карантин талаптарын бұзғандарға құны 2 миллион теңгеден асатын 17 әкімшілік айыппұл салынды. Бақылау жүргізетін топтың жұмыстары әрдайым бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарияланып отырады, – деген Қуаныш Қуатбеков халық арасында карантиндік шаралар мен талаптарды сақтау мақсатындағы түсіндіру жұмыстары бұдан әрі де жалғасатынын айтты. Атбасарлықтар санитарлық талаптарды бұлжытпай орындайтын болса, онда коронавирус індетін жұқтырушылардың саны біршама кемитіні анық. Аудан дәрі-дәрмек қоры, медициналық жеке қорғаныс заттары мен дезинфекциялық құралдармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген.

Айгүл Бекетқызы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар