Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақ балық, қармағымды қап балық... - АРҚА АЖАРЫ

Ақ балық, қармағымды қап балық…

Көкшетау қаласындағы Қопа көлінде өткен балықшылардың облыстық фестивалі көпшілік көңілінен шықты.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға облысымыздың әр өңірінен және  көрші Солтүстік Қазақстан облысынан келген 122 балықшы қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылардың 8-і әйел. Қармақ салу бойынша өткен сайысқа «Көкше жиһаз» серіктестігі, «Торфей», «Клевый», «Рыбак», «Zоо природа» дүкендері және «Аламa TV» кабельдік телевидение қолдау білдірді. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар жылдамдық сынағынан өтті. Әрбір қатысушы 3 минуттың ішінде мұзды шамасы келгенше көбірек оюы керек болды. Осы орайда, Юрий Лунга мұзды 8 ретте тессе, Вадим Габдрахимов пен Денис Эйсман 6 ойық жасап үлгерді.
Ал, екінші кезеңде барлық қатысушыларға 2,5 сағат уақыт берілді. Осы уақытта кімнің қармағы көбірек қауып, балықты көп аулаған жеңімпаз атанатын болды. Бұл кезеңде  ең көп балық аулаған Виктор Евдокимов (2,5 сағатта 41 балық) болса, 40 балық ұстаған Александр Жұмағатов және 26 балықты қармағымен ілген  Евгений Скальский үздік нәтиже көрсетті.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 47,5 ұпай жинаған Юрий Лунга бірінші орын,  42 ұпай жинаған Александр Жұмағатов екінші және 35,5 ұпай жинаған Вадим Габдрахимов үшінші орынды иеленді. Жалпы командалық есепте «Нарфин» командасы жеңімпаз атанды. Одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Көкшетау  мен «Молодая гвардия» командалары өзара бөлісті.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар