2016 жылғы 15 наурызда Орталық сайлау комиссия-сында кандидаттардың, саяси партиялардың және азаматтардың өтініштерін қарау барысы туралы брифинг болды.
2016 жылғы 20 қаңтар-14 наурыз аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардың 113 өтініші келіп түсті.
Түскен өтініштердің 29-ы (25,7 пайызы) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланыс-ты. Олардың ішінде: 9 – қоғамдық бірлестіктерден (олардың ішінде саяси партиялардан), 11 – жеке тұлғалардан, 8 – БАҚ-тардан, 1 – облыстық сайлау комиссиясынан.
10 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіруге қатысты болды. 5 – Парламент депутаттығына дауысқа түсуге ниет білдіру, белгілі бір кандидатты қолдау немесе партиялық тізімдерге енгізу туралы, 1 – Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттыққа кандидаттың тіркеуін қайтарып алу туралы талаппен болды.
Өтініш иелеріне жауаптар берілді. Жеті өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды.