Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жедел басқару орталығы қажетті құралдармен жабдықталады - АРҚА АЖАРЫ

Жедел басқару орталығы қажетті құралдармен жабдықталады

«Сауда орталығына бомба қойылды», –деген жалған хабарламаның авторы екі-үш минуттан кейін бірден ұсталды.

Облыс орталығындағы «Тұмар» сауда үйінің сатушысы, бейтаныс адамның бұл ақпаратты хабарлағанын айтып, дереу полицияға қоңырау шалыпты. Оны сипаттап беріп, кеткен қозғалыс бағытын көрсеткен екен. Жалған ақпар айтқан адам бірден жедел басқару орталығының бейнекамераларының көзіне түседі. «Мен жай қалжыңдадым», – деп ақталған 1986 жылы туған ер адам өз әрекетінің себептерін түсіндірді. Оған қандай жаза қолданылатыны туралы кейінірек хабарлаймыз. Бірақ мұндай «әзілдер» әрқашан қауіпті, әсіресе қазіргі жағдайда.

Осыған байланысты кеше облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығын аралады. Онда өңір басшысы біздің облыста жағдай басқа аймақтарға қарағанда тұрақты екеніне қарамастан, босаңсуға болмайтынын ескертіп, елдегі жағдайдың өте қиын екендігін тағы бір мәрте атап өтті. Барлық тұрақтылық полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында екендігі айтылды.

– Бірде-бір адам өз қызметінен кеткен жоқ, тәулік бойы қоғамдық тәртіп күзетілуде. Бұл қызметкерлердің психологиялық, идеологиялық жағынан жоғары дайындығын көрсетеді. Оның ішінде жас жігіттер де бар, – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Ұялы байланыстың тұрақты жұмыс істемеуіне байланысты радиостанцияларға қажеттілік туындауда. Бейнекамералар санын көбейтіп, оларды әкімшілік ғимараттардың бүкіл периметрлері бойынша орнату қажет екен. Облыс әкімі полиция департаменті басшысының бұл тұжырымына бірден құлақ асып: «дүйсенбі күні біз қажеттінің бәрін аламыз, тұрғындардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды» деді.

Ағымдағы жылғы сегізінші қаңтар күні Көкшетау қаласында сағат 15-ке қарай төтенше жағдай режимін бұзған 140 оқиғаның орын алғаны анықталды. Әрбір тәртіп бұзушылармен жеке-жеке жұмыс жүргізілуде. Кейбір жағдайларда ескертумен шектеліп қана қойса, енді кейбірі әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Тәртіп бұзушылардың басым бөлігі мас күйде болғандығы өзіне ерекше назар аудартуда.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар