Төрлет, Наурыз!

Самарқанның жібігенде көк тасы,
Әз Наурызды күтер әрбір отбасы.
Уа, халайық, осы күні мейірмен,
Әрбір үйге маздақ болар шоқ тасы.

Сөйтіп елім сілкінсінші ғажайып,
Өкпе деген кетсін нұрмен азайып.
Төрлет, Наурыз, Күнмен бірге жадырап,
Жазғытұры тойын жарқын жазайық!

Әз Наурыз ырыс әперсін, құт берсін,
Үй-үйлерге уыздайын сүт келсін.
Алты алашты асқақтатқан кітаптар,
Алтын мен күмістейін түптелсін.

Ой мен қырда қайнап еңбек қазаны,
Шаттандырып барша жұртты базары.
Елімізде  ғаламаттар істелсін,
Иә, Наурыз – Көктен келген күш дерсің!

       
    Бақытжан Тобаяқов.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар