Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоғары белсенділікпен - АРҚА АЖАРЫ

Жоғары белсенділікпен

Облыс әкімі Сергей Кулагин таңғы сағат тоғыздан аса Көкшетаудағы өзі тіркелген №1 орта мектеп ғимаратында орналасқан № 6 сайлау учаскесіне барып, елдің тұрақтылығы мен гүлденуі үшін қалаған кандидатына өз таңдауын жасады.

– Бүгін еліміз үшін маңызды әрі жауапты тарихи күн. Баршамыз еліміздің болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз. Осыған белсене қатысып отырған баршаңызға рахметімді айтамын. Науқанның ойдағыдай, сәтті өтуіне тілектестігімді білдіремін,  – деді облыс әкімі.
Жалпы, аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы  Ирина Головченконың айтуына қарағанда, бұл учаскеде барлығы 3907 дауыс беруші тіркелген.
– Бізде 19 сайлаушы алғаш рет да-уыс берді. Оларға алдын ала әзірлеген шағын естелік сыйлық үлестірдік. Биылғы сайлауда халықтың белсенділігі жоғары екені байқалуда. Сайлау учаскесі ашылған сәттен дауыс беруге асыққан халықтың қарасы көп болды, – деді комиссия төрайымы.
Иә, бұл пікірдің жаны бар. Сайлау басталғалы бас-аяғы екі сағаттың ішінде 300-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді. Олардың арасында бірінші болып, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов өз таңдауын жасады.  Осы күні саяси науқан  қаншалықты әділ әрі бейтарап өтіп жатыр деген мақсатпен облысымызға 30-ға жуық шетелдік байқаушылар келді. Біз де осы сауалмен Ақмола облысына халықаралық байқаушы ретінде келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблеясының өкілі, чехиялық байқаушы Алес Якубек мырзаға жолыққан едік. Ол барған Ақкөл ауданының Еңбек ауылындағы сайлау учаскесіне таңғы жетіден халық ағылып келе бастапты.
– Ауылдық жердегі жұртшылықтың белсенділігі ерекше әсер қалдырды. Айналасы бір-екі сағаттың ішінде 100-ден астам адам дауыс беріп үлгерді.  Тіпті,  сайлаушылардың өз кезектерін күтіп тұрған сәттері де болды. Бұдан әрине қазақстандықтардың саяси мәдениеті жоғары екенін байқауға болады, – деп өз ойымен бөлісті шетелдік байқаушы.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар