Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пайдаланылмаған билеттердің құны толық қайтарылады - АРҚА АЖАРЫ

Пайдаланылмаған билеттердің құны толық қайтарылады

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде теміржол және әуе қатынасы тоқтап, бірқатар жолаушылар жоспарларының жүзеге аспай қалғаны шындық. Енді, сол пайдаланылмаған билеттердің ақысын қалай, қай жерде қайтарып алуға болады?

19-шы қаңтарға дейін орындалмаған әуе және темір жол билеттерін қайтаруға және ақысын 6 айға дейін айыппұлсыз қайтарып алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының хабарлауынша, төтенше жағдайлар жарияланған уақытта пайдаланылмаған темір жол қатынасы билеттерінің төлемақысын төмендегі жолдармен алуға болады:
-«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының билет кассаларынан;
-интернет-ресурстар арқылы.

Кассалар арқылы билеттерді қайтарғанда, жолаушылар ешқандай айыппұл төлемей, билеттің толық құнын алады.

Ал, интернет-ресурстар арқылы қайтарғанда, қаражаты толық қайтарылмаса, жолаушы ұсталып қалған қаражат мөлшерін көрсетіп, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының кассаларына хабарласулары қажет. Ол жағдайда өтінішінде көрсеткен мөлшеріндегі қаражат жолаушыға қайтарылады. Өтініштің жобасын www.bilet.raiways.kz сайтының «Жолаушыларға» бөлімі сілтемесінің 8.10 пункті бойынша алуға болады.
Әуе тасымалы орындалмаған жолаушыларға ұшу уақыттарын жақын күндердегі тасымалдауға ауыстыру ұсынылады. Ақы қайтару мен билеттерді брондау билет алған жерде жүзеге асырылады.

Мәселен, Kaspi Bank Kaspi Travel сервисі арқылы алынған әуе қатынасы билеттерін алған клиенттеріне өтініштеріне орай өз қаражатынан қайтарады. Билеттерді Kaspi қосымшасы бойынша Travel сервисі бөліміне ауысып, «Менің билеттерім» бетшесіне кіріп қайтарылып алуға болады.

Әуе және темір жол билеттерін сондай-ақ, Aviata. kz. сайты арқылы да ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі бойынша қосымша сұрақтар туындаса, департаменттің 8 (716 2) 50-51-22 «шұғыл телефонына» қоңырау шалуға болады.

Ақмола облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар