Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп асқанға бір тосқан - АРҚА АЖАРЫ

Көп асқанға бір тосқан

Заңға қарама-қайшы әрекетке барған адамға лайықты жазасын беріп, кінәсі жоқ азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғап қалу сот органдарының басты міндеті саналады. Сот шешімі шығарылып, заңды күшіне енгеннен кейін ол міндетті түрде орындалуға тиіс. 

Өкінішке орай, қоғамымызда не өз ісіне өкінбейтіндер, не заңға  бағынбайтындар да кездесіп жатады. Мәселен, өткен жылы Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты С. есімді азаматқа қатысты іс қарап, кінәліні есірткіге мас күйінде көлікке отырғаны үшін  үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырған болатын. Алайда, тәртіп сақшыларының тексерістері нәтижесінде жазаланушының сот шешімін аяқ асты етіп, үстіміздегі жылы жүргізуші куәлігінсіз көлікке қайта отырғаны мәлім болды. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты қараған мына бір іс қоғамдық  орында тәртіп сақтамаған Е. есімді азаматқа қатысты болды. Ол мас күйінде Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалында орналасқан кафелердің бірінде сатушыға қысым көрсетіп, өзіне мекеме есебінен спирттік ішімдік құюды талап еткен екен. Сөйтіп, жәбір көрген азаматша болған жайтты бірден құқық қорғау қызметкерлеріне жеткізіп, қоғамдық орында тәртіп бұзған әлгі мас адам қолға түскен. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз толтырылып, іс сотқа жөнелтілді.
Сотта айыпталушы жасаған әрекетін толық мойындап, кешірім сұрағанымен, заңның аты заң. Сот оны кінәлі деп тауып, әкімшілік айыппұл салуға ұйғарды.  Міне, заң бұзғанға залал бар деген осы.

Жібек БІЛӘЛОВА,
Әділ ЖАНӘЛІНОВ,
Көкшетау қалалық мамандандырылған
әкімшілік сотының мамандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар