Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заман талабына сай жаңарған заң - АРҚА АЖАРЫ

Заман талабына сай жаңарған заң

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын сот саласын дамытуға жете көңіл бөлінген. Өткен жылдың  31 қазанында Елбасы Ақордада тұңғыш рет БАҚ өкілдері алдында жаңа заңды бекітіп, қол қойған еді.

 

Бұл – 2016 жылдың қаңтарынан бас-тап күшіне енген жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс болатын.  Жаңа кодексті  дайындауға маман заңгерлермен бірге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, адвокатура, нотариус, сот орындау мекемелерінің  өкілдері  атсалысты. Заман талабына сай дайындалған заң елімізде кәсіпкерлікті дамытуға, инвесторлардың
құқықтарын қорғауға игі ықпалын тигізеді деген сенім бар.
 Бұрынғы қолданыстағы Азаматтық кодекс 1999 жылы қабылданғаны белгілі. Ол елімізде нарықтық экономиканың енді ғана қалыптаса бастаған  кезеңі еді.  Содан бері өткен уақыт ішінде экономика саласында көптеген өзгерістер болды. Еліміз бәсекелестікке қабілетті әлемнің озық елу мемлекетінің санатына қосылды. Қазақстандағы тұрақтылық пен экономикалық даму жағдайы шетелдік инвесторларды қызықтырып, еліміздің өндірісін дамытуға шетел капиталын тартуға игі ықпалын тигізгенмен, заңдағы кейбір олқылықтар кедергісін келтірмей қойған жоқ. Осыған орай, заман талабын жан-жақты ескере отырып, шетелдік инвесторлардың мүддесін заң арқылы қорғауға жағдай жасайтын жаңа заңнаманың қажеттігі туындады. Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс әлем елдерінің озық тәжірибесін бойына жинақтаған, уақыт талабына жауап беретін заңдық құжат.
Енді жаңа кодекстегі негізгі өзгерістерге келсек, 52-бапта сот актілерін апелляциялық негізде қайта қарау жайы былай тұжырымдалған. Аудандық және оған теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық наразылық шағымдарын жеке судьялардың қарауы тек  ықшамдалған сот өндірісі тәртібінде жеке шағым, наразылық немесе айқындама бойынша қаралады. Бұдан басқа жағдайлардың бәрінде бірінші сатыда шығарылған сот шешімдерін апелляциялық негізде қарау облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқаларында коллегиялық негізде қаралады. Мұндай сот отырыстарына кем дегенде үш судья қатысуы шарт. Олардың біреуі төраға міндетін атқарады.
 Мұнан кейінгі тағы бір елеулі өзгеріс – инвесторлардың құқығын қорғауға арналған арнайы мамандандырылған судьялар құрамын енгізу болып табылады.  Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекстің 27-бабының 7-бөліміне сай, Астана қаласының соты сот тәртібінің бірінші сатысы негізінде инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді қарайды. Бұл санаттағы сот шешімдеріне байланысты шағымдарды ҚР Жоғарғы сотының мамандандырылған сот алқасы қарайды. Оның құрамы кем дегенде үш судьядан тұруы тиіс.
 Бірінші сатыдағы сотқа берілген шағымдар мен наразылықтардың көшірмесін жіберу мерзіміне байланысты өзгерістер бар. Бұрынғы кодексте ол келесі күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс делінсе, жаңа кодексте бес күннен кешіктірмей жіберілетіні нақтыланған.
Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекстің  409-бабының 1-бөлімінде тараптардың бірінің апелляциялық шағымдарын бірінші сот сатысында қайтарып алуына немесе апелляциялық сот алқасына берілген шағымнан бас тартуына мүмкіндігі бар екендігі нақтыланған. Бұл тек сот шешімі шыққанға дейінгі мерзімде жасалынады.  Прокурор өз наразылығын апелляциялық сот алқасының қаулысы шыққанға дейінгі кезеңде қайтарып алуына құқығы бар. Апелляциялық шағымнан, арыздан,  наразылықтан бас тарту немесе қайтарып алу бірінші сатыдағы  және апелляциялық сот сатысына жазбаша арыз жазу түрінде жүзеге асырылады.  Жаңа Азаматтық кодекстің 409-бабында  дауласушы тараптардың және прокурордың өз шағымдары мен наразылығын қайтарып алуының тәртібі жан-жақты айқындалған. Сондай-ақ, осы бап сотқа дауласушы тараптардың бірі ретінде қатысқан жағдайда прокурордың сот шешіміне апелляциялық шағым беруі, ал басқа жағдайларда сот шешіміне наразылық  жасап немесе оны қайтарып алуы жайымен толықтырылған.  
Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекстің 343-бабының нормасына сай сот шешімінің орындалуын тоқтату құқығы судьяға берілген. Аталмыш бап сот орындаушысы мен тараптарға сот шешімін орындауды тоқтату жөніндегі сот шешімін жолдаумен толықтырылған. 213-бап бойынша апелляциялық тәртіпте қарау шегі мынадай нормалармен толықтырылған:
– бірінші сот сатысында ұсынылмаған немесе оны зерттеу жөнінде мәлімделген, бірақ сот тарапынан қабылданбаған  қосымша айғақтарды қабылдау;
– бірнеше талап-арыздарды біріктіру немесе айырып көрсету ережесін қолданбау, талап-арыздың мән-мазмұнын өзгерту, жауапкерді ауыстыру, қарсы талап-арыз беру;
– өз бетінше арызданбаған үшінші тұлғаны сот ісіне қатыстыру, (егер шешім 247-баптың 2 және 4 тармақтарына сай өзгертілген жағдайда).
Сондай-ақ, жаңа кодексте апелляциялық тәртіпте істі қарау мерзімі бұрынғы заңда көрсетілген бір айдан екі айға ұзартылған. Қарау мерзімі іс сотқа келіп түскен күннен бастап есептеледі. Ал, құзыретті органның мемлекеттік сатып алу қорытындысы бо-йынша шешімдері іс сотқа келіп түскен сәттен бастап он күн мерзім ішінде қаралады.

Алтын ШОЙЫНБЕКОВА,
Ақмола облыстық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар