Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Университетте өткен конференция - АРҚА АЖАРЫ

Университетте өткен конференция

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асырудың негізгі аспектілері» атты ғылыми практикалық  конференция болып өтті.

Оның жұмысына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орындарының студенттері, күш құрылымдарының, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен  БАҚ өкілдері қатысты. Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері өкілдерінің қатысуымен конференция өткізудің астарында білім беру саласында белең алып кеткен замана дертінің алдын алу, оған қарсы күреске оқытушылармен бірге студенттерді де жұмылдыру мақсатының жатқандығы анық.  
Конференцияда «Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңдарының жекелеген аспектілері туралы» Ақмола облысы бо-йынша жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің маманы Әділхан Тіржанов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибелер» жайында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің юриспруденция кафедрасының оқытушысы
Азамат Омаров, «Жемқорлыққа қарсы күрес –
баршаның ісі» деген тақырыпта «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер» клубының президенті Диана Сыздықова  баяндама жасады.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар студенттерге арнап жемқорлыққа қарсы ымырасыз болуға шақырған үндеу қабылдады.

 

Қалкөз ЖҮСІП

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар