2022 жылдың 1 наурызынан бастап салықтарды төлеу мерзімін кейінге қалдырғанда немесе бөліп төлеуге мүмкіндік берілгенде жеке тұлғаның жалғыз баспанасы кепілге алынбайды.
Салық заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу мерзімін кейінге қалдырғанда немесе бөліп төлеуге мүмкіндік алу үшін өтінім бергенде салық төлеуші кепілге мүлікті қоюы керек (бөліп төлеуге берілген мерзімге байланысты: жылжымайтын мүлік, автокөлік, құрылғалар және т.б.).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 2) тармақшасы ережелермен толықтырылып, енді жеке тұлғаның, кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйі кепіл нысанасы бола алмайды. Аталған өзгертулер 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енеді.
Осы түзетулерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 7 ақпанында орналастырылған.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметі.