Композитордың классикалық әндері шырқалды

Атақты Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармонияның салтанатты ән кеші армян және кеңес композиторы, КСРО Халық әртісі пианист және педогог Арно Бабаджанянның шығармаларына арналды.

Қазіргі таңда 200-ге жуық ән жазған белгілі композитор 1921 жылы қаңтарда педогогтар отбасында дүниеге келген. Арно Бабаджанян бала кезінен музикаға құштар болған. Музыкалық училищені, кейін консерваторияны тәмамдаған. Ол 1958 жылы кеңестік фильм үшін «Песня первой любви» әнін жазады. Ал, салтанатты концерттік кеште Арно Бабаджанянның хит әндерін облыстық филармонияның жас әртістері орындады.

– Бүгінгі кеш әлемге әйгілі композиторға арналды. Осы кеште мен оның «Песня первой любви» әнін армян тілінде орындадым. Жалпы, мен өз репертуарымда оның көптеген композициясын орындап жүрмін, – дейді Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жанат Есов.

Композитордың «Песня первой любви» туындысы 1950 жылдары хит әндердің қатарынан орын алған. Сол кездері күн сайын радиодан шырқалып, тыңдаушыларының қошеметіне бөленген. Арно Бабаджанян Роберт Рождественсккиймен, Евгений Евтушенкомен және басқа да белгілі ақындармен шығармашылықта жұмыс істеген. Әрине, оның әндерін күллі Кеңес Одағы біледі десек қателеспеспіз. Тіпті, қазірдің өзінде де шырқалып жүргені концерт тамашалауға келген көрермен жастардың пікірінен-ақ, айқын аңғарылып тұрды.

– Мен облыстық филармонияда өтетін концерттерге жиі келіп, тамашалаймын. Әсіресе, Арно Бабаджанянның «Судьба», «Воскресенье» атты туындылары ұнайды. Өйткені, мен ол әндерді ертеден тыңдап өстім. Ол нағыз классик-композитор. Оның музыкасы көбіне махаббатқа арналған, – дейді Айжан Айтқұлова есімді көрермен концерттік кештен ерекше әсер алғанын шабыттана жеткізген күйі.

Иә, мұндай рухани шаралар көрерменінің жан дүниесін байытып қана қоймай, құдіретті өнер әлеміне сапар шегуге мол мүмкіндік береді. Сол күнгі тамаша кештің куәсі болған келушілер  концертке келгендеріне өкінген жоқ деуге толық негіз бар.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар