Ерлік пен махаббат жыршысы

Көкшетау қазақ  қалалық  үлгілі кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай, қаламгердің   «Махаббат қызық мол жылдар» романы бойынша оқылған кітап экраны ұйымдастырылды.

Оның мақсаты Ә.Нұршайықовтың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, оқырмандар арасында адамгершілік пен адами құндылықтарды дәріптеу болып табылады.

Шараға қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, ақын Қуаныш Оспан, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті көпсалалы колледжінің ұстаздары мен студенттері, «Темірқазық»  әдеби ұйым мүшелері, кітапхана оқырмандары, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шарада Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы нағыз махаббаттың сыры мен мәнін ұғуға, адал махаббатты ардақтап, оның ыстық-суығына күйе білуге үйрететін аса құнды шығарма екендігі айтылды. Қатысушылар романды оқу барысында қандай әсер алғандығы, кейіпкерлердің образы жөнінде ой бөлісіп, олардың қуаныш-қайғысына ортақтасып,  ғашықтық, сүйіспеншілік, мәңгілік махаббат тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Шара барысында Қуаныш Оспан махаббат тақырыбында жазылған бірнеше өлеңін оқып берді. «Темірқазық» әдеби  ұйым мүшелері де махаббат жайлы өлеңдерді жатқа оқыды.

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасының қорынан алынған «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты кітап көрмесінде Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен қызметіне арналған материалдар, жазушының шығармалары, мақалалары мен естеліктері ұсынылды.

Маржангүл Бердалина,

Көкшетау қалалық қазақ кітапханасының қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар