Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұрпағымыз аман болсыншы - АРҚА АЖАРЫ

Ұрпағымыз аман болсыншы

Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі  облыстық әкімдіктің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде аукцион өткізді.

Қоғамда қайырымдылық пен риясыз көмек жасауға,  науқас балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған бұл шараға  облыстық басқармалардың басшылары, кәсіпорындардың жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер қатысты. Қайырымдылық акциясының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға ниет білдірген азаматтарға алғысын білдірді.
– Облысымызда мүмкіндігі шектеулі, өмірге құштар жандар аз емес. Олар қайырымды азаматтардың көмегіне мұқтаж. Сондай жандарға қол ұшын беру қалыпты нәрсеге айналуы керек деп есептеймін. Сонда біздер өзгелерге үлгі болып, мейірімділіктің дәстүрлі түрде жалғасуына ұйтқы боламыз. Науқас балаларға жасаған жақсылығымызды бүкіл адамзатқа тигізген шарапатымыз деп ұғынған жөн, – деді Нұрлан Жаңбыршыұлы.
Бұдан соң алты кезең бойынша 30 лот ойнатылды. Мұнда өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы оқушыларының қолөнер бұйымдары сатылымға түсті. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлерінің туындылары қойылған арнайы  сатылым көрмесі ұсынылды. Сатудан түскен қаржы   Айдарбек Қапаров пен Мансұр Құсайынов есімді екі науқас баланы емдеуге жұмсалмақ.
Қайырымдылық аукционының нәтижесінде құрылған тексеру комиссиясы   шара барысында  ақшалай және  шотқа аудару арқылы 2 миллион 800 мың  теңгеден астам қаржы жиналғанын мәлімдеді. Бұл ақшаны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова балалардың аналары Нұргүл Құсайынова мен  Сардал Омарәлиеваға  табыс етті. Өз кезегінде ата-аналар қол ұшын созған қайырымды жандарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

 

Ырысгүл АШУОВА

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар