Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндіріс ілгері басуда - АРҚА АЖАРЫ

Өндіріс ілгері басуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Елдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне орай, тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік туып отыр» деп атап өткен болатын. 

 

Расында да,  бүгінгі күні елімізде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырған жайы бар. Оны тек бір ғана «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шешу оңай болмасы анық. Осы орайда, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасына да үлкен үміт артылып отыр. Соңғы кездері аталған бағдарламаның арқасында Ақмола облысында көптеген жобалар қолға алынып,  құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Жақында ғана іске қосылған Ерейментау ауданындағы кірпіш зауыты осының бір айғағы іспеттес. Облыс аумағындағы кірпіш шығаратын екінші ірі зауыттың ашылуы жергілікті адамдарды жұмыспен қамтып, салық түсімін арттырып қана қоймай өңірде құрылыс саласын дамытуға тың серпін беретініне сенім ұялатып отыр. «Оң Олжа» көмір кенішінің аумағында салынған зауыттың құны 2,2 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынның ашылуы жергілікті 220 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Елбасы өз Жолдауында: «Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет» деген болатын. Ал, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да елді жаңа заманға лайықтап дамытудың  бағыт-бағдары анықталып, белгіленді. Бұл қазіргі әлемде болып жатқан қаржылық қауіптердің белең алған кезеңінде елімізді қарышты дамытудың негізгі мақсатына айналып отыр. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу саясатының астарында да осы жайлар жатқанын білеміз. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғап, олардың өнімдерін әлемдік нарыққа шығару мәселесі басты назарға алынады. Осы арқылы Қазақстан экономикасының инновациялық негізде дамуы арқылы жаңа өнім түрлерін көбейту көзделеді.
Жаһанды дағдарыс жалмаған уақытта шалғай елді мекенде зауыт ашу оңайға соқпасы анық. Дегенмен,  өңірдің мүмкіндігі ескеріліп, жаңадан сайын далада тұрғызылған кәсіпорынның отандық өндірісті арттыруға серпін беретініне үлкен үміт артылып отыр. Осы орайда,  кәсіпорын үшін Ерейментау өңіріндегі көмірмен қоса сазбалшық шикізаттың таптырмас көзіне айналатыны сөзсіз.
Қазір зауыт құлашын жайып, өнім сату жағырапиясын да кеңейте түсті. Еліміздің солтүстік өңірі ғана емес, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарынан да дайын өнімге сұраныс түсуде.  Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстары да ерейментаулық кірпішті сатып алуға қызығушылық танытуда. Биылғы жылдан бастап еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кірді. Бұл да бізге өнімдерімізді сыртқа шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Құрылыстың қарқын алатын кезеңі де кірпішке деген сұранысты арттыратыны заңдылық.  Бұл әрине,  қазіргі заманғы озық технология мен сапалы өнімнің арқасында ғана қолжеткізілетін шаруа.
Сондықтан,  біз зауытты саларда арзан әрі озық қытайлық қондырғыларды орнатуды жөн деп санадық. Қытайлықтар әлемдік нарықта бұл жағынан дес бермейді. Мұндағы жұмыс үдерісіне келетін болсақ,  барлығы автоматтандырылған. Кірпіштің құрамына белгілі пропорциямен шамаланған балшық (алевралит), көмір күлі немесе (қатты қызудың әсерінен қосымша жылу бөлетін) төменгі сұрыпты көмір қосылады. Жалпы, «Оң Олжа» кенішінде беткі қабатты аршығанда шығатын бүкіл шикізат кәдеге жаратылады. Сапасы осындағы арнайы зертханада тексеріледі. Теңбе-тең шамадағы қоспа үгітіледі, экструдерде ұнтақталады. Кейін осы қоспадан 250/20 көлемді біркелкі стандартты кірпіш қалыпталып, төрт күн кептіріледі. Кептірілген кірпіш платформасы үңгір пеште қыздырылады. Әдетте ол электр қуатынан немесе жанған газдан бөлінетін жоғары температурада күйдіріледі де платформаның жүгі түсіріледі. Осылайша жұмыс үздіксіз жалғаса береді.
Жаңа технологиямен жұмыс істейтін зауытымыздың  мүмкіндігін одан әрі арттыра түсу негізгі міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы ұдайы кәсіпорындардың толық қуатына шығуы керектігін айтып келеді.  Осы тұрғысынан алғанда біздің зауыт та қуатына еніп отыр. Тәулігіне 35 мың дана, яғни, 8 платформа кірпіш шығарылуда. 2016 жылы бұл көрсеткішті 24 миллионға, 2017 жылы 35 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Өнім негізінен Қазақстан және Ресей нарығына шығарылатын болады. Еңбек адамына қамқорлық жасалғанда ғана,  жұмыстың тиімділігі болады. Осы орайда,  еңбеккерлердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынуда. Алдағы уақытта олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету шараларына да көңіл бөлетін боламыз. Дағдарыс уақытында қиындыққа мойынсұнбай іске қосылып отырған кәсіпорынның алар асуы мол.
Елбасының әр Жолдауы қазақстандықтарды қанаттандырып,  дұрыс,  тура жолмен келе жатқандығына сенімін нығайта түседі. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында алға қойып отырған міндеттері ауқымымен ғана емес, нақтылығы және терең ойланып барып,  ақылға салынғандығымен ерекшеленеді. Бұл ретте, жобаларды жүзеге асыруда сандар мен көлемі сөз болып отырған жоқ. Ұйымдастыру және техникалық жобасы жағынан нақты қаржы көзімен бекітілгені қуантып отыр. Ерейментау кірпіш зауыты соның айқын бір көрінісі іспеттес.

Надежда ЕРМАКОВА,
Ерейментау кірпіш
зауытының инженер-технологы.

Суретте: кәсіпорында еңбек ететін  жұмысшылардың бір тобы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар