Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сәуірде ашылады - АРҚА АЖАРЫ

Сәуірде ашылады

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының биылғы жылғы 10 наурыздағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген  құстардан басқасын, атап айтқанда,  үйректерді, саңырау құрларды аулау мерзімі 16 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін  белгіленді.

Біздің облысымызда бекітіліп берілген аңшылық аумақтарда және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің арнайы учаскелерінде маусымдық аң аулауға рұқсат етілген. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау үшін аңшыда белгілі бір құжаттар болуы тиіс. Атап айтқанда, аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат құжаты, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жолдамалары, аңшылық атыс қаруымен аң аулау кезінде жеке тұлғалардың қаруды және оның оқтарын сақтауға арналған рұқсаты және бүркітпен аулаған кезде оның паспорты болуы тиіс.
Аң аулау маусымы кезінде аталық құстарды немесе олардың басқа да түрін атып алуға жаңа аң аулау ережесінде шектеулер қойылған. Мәселен, көктемде аң мен құс аулау тек қана тиісті аңшылық шаруашылығы қорықшысының қатысуымен өткізіледі. Олжалау туралы белгіні  қорықшы қояды. Ал, ата үйректі атуға аңшылық шаруашылығында үйректер болған  жағдайда жол беріледі. Аталмыш ережені бұзғандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382-бабы бойынша ескерту жасалады немесе 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Тәртіп бұзушылық әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, 15 айлық есептік көрсеткіш өндіріп алынады. Ал, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау ережесін бұзғандарға 70 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржы қарастырылған. Көктемгі аң аулау науқаны ойдағыдай өтуі үшін аң аулау ережесін білу қажет. Сонда ғана әрбір аңшы олжаға кенеледі.  
Ерлан ҚОСМАҒАНБЕТОВ,
 облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар