Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді біздің әрқайсымыз үшін ерекше мереке – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні әрбір қазақстандық үшін жаппай қуғын-сүргін, аштық пен күйзеліс жылдарын, мыңдаған адамдар бір сәтте туған жерлерінен мәжбүрлеп қуылып, Қазақстанның даласынан бір-ақ шыққан ауыр жылдардың елесіндей әсер қалдырады. Көптеген қоныс аударушылар тек қана қазақтардың адамгершілік мейірімімен өзгелерге деген жүрек жылуының арқасында ғана осы бір қатыгез кезеңнен аман қалды. Бір үзім нан, бір кесе қымыз, қатал қыс айларында аязға тоңдырмай, бауырға басқан мейірімділік қана жер аударылғандарды алдағы күнге, көрер қызықтарына жеткізді. Осы бір қолдау Қазақстан ортақ үйлеріне айналған барлық ұлыстардың арасында достықтың тамырын тереңдетті.
Бұл достық бүгінгі күні де біздің басты құндылығымыз. Биылғы қаңтар қасіретінде біздің бәріміз біздер үшін бейбіт өмір мен келісімнің, тыныштық пен тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екендігін жан-тәнімізбен сезіне түстік. Біздің облысымызда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Қазақстан олардың Отаны, ал, достық пен татулық басты қасиетіміз. Бүгінгі күн біздің бәріміз үшін мейірім, өзара көмек пен қолдау, барлық жақындарымызға алғыс пен шынайы ризашылық мерекесіне айналып отыр. Бұл қазақстандық патриотизм мен мәдени көпқырлылықтың да жарқырай көрінген күні.
Құрметті жерлестер! Осы бір тамаша күні сіздерге табыс пен жақсылық тілеуге рұқсат етіңіздер. Біздің жүрегімізде әрдайым бір-бірімізге деген жылылық пен алғыс сезімі жарқырап көріне берсін!