Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңілден шыққан кәдесыйлар - АРҚА АЖАРЫ

Көңілден шыққан кәдесыйлар

Есіл қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты сәнді-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі өтті.

 

Халқымыздың мәдениетін,  салт-дәстүрін насихаттау мақсатында жасөспірімдердің шығармашылық үйінде ұйымдастырылған шараға жергілікті «Ұлттық қолөнер шеберлігі» мен «Шеберхана» үйірмелерінің жас шеберлері қатысты. Көрмеге ұсынылған шығармашылық жұмыстарда негізінен елімізде бір тудың астында өмір сүріп жатқан әр ұлттың тұрмысы мен мәдениеті бейнеленген. Көрме заттарының көбі киізден жасалған. Басты тақырыбы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы болғандықтан, еліміздің серпінді дамуын дәріптейтін кәдесыйлар көп болды.
Аслан ОСПАНОВ.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар