Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт жоспарын іске асыру Ақмолалықтардың да басты парызы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт жоспарын іске асыру Ақмолалықтардың да басты парызы

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру туралы» баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзіҚұрметті баспасөз мәслихатына қатысушылар!
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында жариялаған бес реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.
Басқа қадамдар бойынша 30 наурызда Орталық коммуникация қызметі алаңында жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізілген баспасөз-мәслихатында  жалпыұлттық жоспардың барлық бағдарларын жүзеге асыруға байланысты атқарылып жатқан шаралар туралы жан-жақты түсінік берілген болатын.
Ақмола облысындағы атқарылған жұмыстар жайында айтуыма рұқсат етіңіздер. Облыстық әкімдікпен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес реформасын жүзеге асыру жөнінде аудан, қала әкімдерімен және ынталы мемлекеттік органдармен, мекемелердің басшыларымен әлденеше рет басқосулар өткізіп, талқыладық.
Бірінші бағдар – кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша жұмыстар (15 қадамның 12-іне жергілікті атқарушы органдар тартылған) «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңға сәйкес  жүргізілуде (төменгі деңгейдегі мемлекеттік қызметке орналасу үшін 11 конкурс жарияланды, бақылаушылар мен сарапшылардың міндетті қатысуымен 34 адам сынақ мерзімінен өтуде). Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне баға берудің әдістемесі бекітілді. Аудан әкімдері мен Степногорск қаласы әкімінің жылдық жұмысын бағалау Келісімнің (менімен және өңір әкімдерімен) орындалу қорытындысы бойынша жасалады. Облыс әкімдігінің жанынан барлық мемлекеттік органдардың мамандарымен жұмыс қызметімен тығыз байланыстағы әдеп жөніндегі Уәкіл (бұл қызмет облыс әкімі аппаратының басқарма басшысы Ж.А.Темірхановаға жүктелген) қызметі белгіленді.
Екінші – заң үстемдігін қамтамасыз ету бағдары шеңберінде Елбасы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау және қылмыстың алдын алу. Осы белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыс бюджетінен қосымша 480 миллион теңге қаржы бөлу жоспарланған.
Индустрияландыру және экономикалық өсім жөніндегі үшінші бағдарды жүзеге асыру бағытында атқарылар жұмыс ауқымы үлкен (50 қадам бойынша жергілікті атқарушы орган 19-ына тартылған).
Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр (35-қадам). Заңдағы жаңа өзгерістер ауыл шаруашылығына арналған жалға берілген  жерді кадастрлық құны бойынша 50 пайыздық жеңілдікпен және 10 жылға дейін ұзартылған мерзімде төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы орган 350 миллион теңгенің ауыл шаруашылығына арналған жерін сатуды өткізуді  жоспарлап отыр. Облыс аумағында 10 миллион гектар көлемінде ауыл шаруашылығына арналған жер жалға берілген. Бүгінгі күні 42 жерді жалға алушы көлемі  90 мың гектар бо-латын жерді жекеменшікке сатып алуға тілек білдіруде. Олармен қажетті келісімдер жасалуда. Қазіргі күні ауыл шаруашылығы жерін аукцион арқылы сату  үшін 117 жер телімі қойылған (43 мың гектар). Жерді сату биылғы жылдың 1 шілдесінен басталады. Осы қолға алынған шаралар жерге меншікке қатысты жауапкершілікті күшейтетін болады.
Мүлікті жариялау жөнінде түсінік жұмыстары жалғастырылуда (41-қадам). Биылғы жылдың  30 наурызында мүлікті жариялауға қатысты 3 мың нысан бойынша 1700 өтініш берілген (жалпы құны 13,8 миллиард теңгенің). Қазіргі күні 8,8 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды.
Жекешелендірудің кешенді жоспарына сай (2016-2020 жылдарға арналған) бәсекелестік ортасына 11 мемлекеттік мекеме берілетін болады (Олардың 6-уы биылғы жылы: «Тазалық» КМК, «Көкше Жәрдем» КМК, «Көкшетау қала кадастры» ЖШС, «Степногорск тазалық», «Атбасар жолаушы тасымалы» серіктестіктері мен «Көкше-Қамқор» коммуналдық рыногы).
Энергетика саласы бойынша энергия таратушы компаниялардың тарифтерін ҚР Энергетика министрлігінің біркелкі тарифтеріне сәйкестендіру бойынша энергия таратушы ұйымдарды ірілендіру тетіктерін жасау қолға алынуда. Бұл салаға стратегиялық инвесторларды тарту үшін энергия тексеруден өтетін республикалық субьектілердің Мемлекеттік энергетикалық реестр тізбесі жасалды. 2016 жылғы жоспар бойынша Ақмола облысының 133 субъектісі энергия аудит тексерісінен өтуі тиіс (облыс тізбесінде 472 ұйым бар). Бүгінгі күнге мұндай тексеруден 19 кәсіпорын өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.
Халықаралық стандарттарға және еркін бәсекелестікті дамытуға сай монополияға қарсы саясатты жүргізу үшін электр және жылу қуаты, телекоммуникация, пошта, байланыс және басқа салалар субъектілері қызметінің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды (77 қызмет).
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, дәрі дәрмек пен жанар-жағармай, коммуналдық қызмет тарифтерін негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында монополияға қарсы реттеу шарасы қолданылатын болады. Баға секторы, негізсіз бәсеке, күнделікті тұтынатын тауарларға қатысты қолдан жасанды жетімсіздік туғызу сияқты монополияға қарсы заңдарды бұзуға қатысты шаралар қатаңдатылады.
Жаңа инвестиция көздерін тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Облыста инвесторларды тарту жөніндегі Кеңес құрылды және арнайы жұмыс жоспарлары жасалды. Сол жоспарларға сай биылғы жылы ірі шетел инвесторлары мен елшілік қызмет басшыларын тарта отырып, Халықаралық инвестициялық форум ұйымдастыру жос-парлануда.
Екінші бесжылдық шеңберінде Индус-трияландыру бағдарламасы бойынша жалпы құны 461 миллиард теңге болатын 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Биылғы жылы облыс аумағындағы барлық кәсіпорындар қалыпты жұмыс жасап, өндіріс саласында тұрақты өсімді қамтамасыз ететін болады. Сонымен бірге, экономиканы индустрияландыруға бағытталған жобалар да жүзеге асырылмақ. Өңдеуші сала бойынша жалпы құны 73 миллиард теңгенің 14 нысанын іске қосу жоспарланған.
Жылдық қуаты 4,5 мың дана болатын ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызмет техникаларын құрастыратын Қазақстан-Беларусь индустриалдық-технологиялық паркін іске қосу жүзеге асырылмақ. «Вектор» комбайн зауыты астық жинайтын техниканы құрастыру көлемін жылына 300-ге дейін көбейтуді және негізгі бөлшектерді өзімізде шығаруды көздеп отыр. Қазіргі күні техникаға қажетті бөлшектердің денін ресейлік  «Ростсельмаш» зауыты қамтамасыз етіп отыр, ал болашақта оның 40 пайызы отандық болады деп жоспарлануда.
Құны 60 миллиард теңге болатын жылдық қуаты 2 миллион тонналық цемент зауытының құрылысын салу жобасы (Көкше-Цемент) ірі жобалардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда жоба іске қосылу қарсаңында, іске қосу, реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобаның дайындығы қазіргі күні  90 пайыз деңгейінде. Биылғы жылдың маусымында клинкер өндіру желісі іске қосылса, тамыз айында цемент зауытының барлық құрылыс жұмыстары аяқталмақ.
Қазақстан-Қытай бірлескен Масальск темір кенішінің базасында ірі металлургия комбинатының құрылысын салу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құны 274 миллиард
теңге көлемінде жобалық қуаттылығы жылына 1,5 миллион тонна темір концентратын өндіру деңгейінде. Бүгінгі күні ЭКСИМ-Банкпен осы жобаны қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазір жобалау-сметалық жұмыстары жасалуда (2016 жылдың қараша айында аяқталады).
Көкшетау қаласынан жылу-электр орталығын салу жобасына инвесторларды тарту мәселесін шешу қолға алынуда. Бұл бағытта екі қытайлық инвесторлардың («Чайна Синожи Электрик Инжиниринг» және «Шеньян трансформатор корпорация-сы» ААҚ) және израильдық фирманың («ЭЛЛ Энерджи Холдинг ЛТД») жобалары үлкен қызығушылық тудырып отыр. Олармен әріптестік қызмет туралы меморандумға қол қойылды.
Астаналық облыс ретінде агроөнеркәсіптік секторда сүт пен ет өнімдерін өндіруді дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады.
Биылғы жылы ет өңдеу өндірісі көлемін 70 пайызға, сүт өндіруді 65 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ, етті экспорттау көлемін онан әрі өсіру (2015 жылы 717 тонна ет экспортқа шығарылған болатын) және ауыл шаруашылығы құрылымдарының сүт өндіру көлемін көбейту жоспарлануда.   Өңдеуші сала кәсіпорындары желісін дамыту мақсатында шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Ситик Қазына» қытайлық қордың қатысуымен жылдық қуаты 50 мың тонна болатын толық өңдеу жұмыстарын атқаратын құс фабрикасын салуда. «Техно Құс» ЖШС Украинаның (қатысу үлесі 50 пайыздан асады) кәсіпкерлерінің қатысуымен жылдық қуаты 20 мың тонна болатын құс фабрикасы құрылысын (Астрахан ауданынан) салу жөнінде келіссөз жүргізуде. «АПК Бавария Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Астрахан ауданы) ағылшын компаниясымен («Джет Стрим») 63 мың бастық шошқа кешені және  жылына 5,5 мың тонна өнім өндіруге қуаты жететін мал шаруашылығы кластерін құру туралы мәселені талқылауда. «Агро ТрейдТорг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Шортанды ауданы) Германия компаниясының («Мигл АГ» ) бірлесе отырып, 600 бас ірі қаралы 2 сүт-тауарлы фермасының және тәулігіне 50 тонна өнім өндіретін сүт өңдейтін зауыттың құрылысын жоспарлауда.
Инвестиция тарту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс жүргізілуде. Әлеуетті инвесторлар іріктеліп, жалпы құны 24 миллиард теңге болатын 52 жоба топтастырылды.
Алғашқы кезеңде 7 жобаны (7 бала-бақшаның құрылысы) жүзеге асыруды
жоспарлаудамыз. Жоспарды жүзеге асыруға қажетті құжаттар толық, инженерлік коммуникациялар жүргізілген. Қалған жобаларды жүзеге асыру инженерлік жүйелердің дайындығына байланысты болмақ.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен әріптестік шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық саласындағы үш жобаны (жалпы құны 18 миллиард теңге) жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ұлт жоспары шеңберінде экспорттық қазақстандық брендтерді құру және жүзеге асыру жайлы тапсырма берілді. (56.2 қадам)
Облыста 80 экспортер-компания жұмыс істейді. Экспортқа шығарылатын біздің аймақтың негізгі өнімі астық пен ұн.
Экспорттық аймақтық ет бренді құрылды. («Астана Агро продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Бакара» ет өнімдері, «КазБиф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сапалы ет өнімі). Ресейдің шекаралас аймақтарына сүт өнімдері жеткізіледі. («Милк Прожект» ЖШС, «Молоко Синегорьяның» «Садовое», «Одари», «Зорькин луг» сауда брендтері және («ҚазГерҚұс» ЖШС) тауық жұмыртқасы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім саласын реформалау бағытында облыста 12 жылдық білім жүйесінің жаңа стандарттарын енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап 20 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары жаңа білім бағдарламасы бойынша оқытылады.
1 тамызға дейін 1-сынып оқушыларын жаңартылған оқулықтармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қосымша 177 миллион теңге бөлінеді. Үш тілді оқу жүйесіне көшу үшін кезең-кезеңімен дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы мен қазақ-түрік лицейінде үш тілді оқу жүйесі бағдарламасы бойынша оқытылуда (ағылшын тілінде тиісінше екі және бес пән оқытылады). Ағылшын тілінде білім беру мүмкіндігіне ие болу үшін пән мұғалімдерін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті дайындайды (университет оқытушыларының елуден астамы шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында кәсіби біліктілігін жетілдірді). Ағымдағы жылы көптілді білім бағдарламасы бойынша білім алған (41 оқытушы) алғашқы лек еңбек ететін болады. 2020 жылға дейін 158 пән оқытушыларын дайындау жоспарлануда.
Техникалық кадрларды дайындауға зор назар аударылуда. Бүгінгі таңда облыс колледждерінде (38 колледж) 20 мыңнан астам білім алушылар оқытылуда. Оның 13 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Көкшетау қаласындағы жоғары колледж (бұрынғы жоғары техникалық мектеп) республикадағы 10 үздік әріптестік колледж қатарына енді. Колледж базасында үш сатылы бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау ұйымдастырылады (жұмысшы мамандығын алу – орта буын мамандығы – кіші инженер мамандығы).
Төртінші реформа бойынша біртектілік пен бірлікті нығайту мақсатында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бо-йынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына ену үшін бұл жұмыстың маңызы өте зор. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы келісімді нығайту барысында Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының жанындағы Достық үйі жұмыс істейді. Мұнда 39 ұлттық мәдени орталықтардың жұмысы біріктірілген. Үстіміздегі жылы ұйымның шығармашылық қызметі үшін облыс бюджетінен 72 миллион теңге қаржы бөлінді.
Елбасының тапсырмасына орай құрылған аудандық, қалалық және селолық қоғамдық келісім кеңестері тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуде үлкен жұмыстар атқаруда. Қоғамдық келісім сарайында мемлекеттік тілді оқытып үйретуге арналған 4 сынып ашылды. Оған қоса Қазақстан халықтарының 9 тілі оқытылуда.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы шеңберінде 40 шара өткізілді. Бұл шаралар ұлттар мен ұлыстар арасындағы келісімді нығайтып, бірлікті бекем етуге арналған. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын дамыту мақсатында 40 кәсіби мереке бекітіліп отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтамасыз ететін адамдардың үш мыңы жұмыспен қамтылады (3,7 миллиард теңге бөлінген).  
Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту шеңберінде «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы әлеуметтік бағдарлама бойынша 176 миллион теңге қаржы бөлініп, 481 отбасы қамтылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен 5,5 мың үшжақты келісімге қол қойылды. Бұл 92 мың жұмысшы орнын сақтауға мүмкіндік береді.
Бесінші бағыт шеңберінде есепті мемлекет құру жүйесі бойынша мемлекеттік басқару нақты нәтижелерден бағыт алады.
2016 жылы Ақмола облысын дамыту бағдарламаларының жаңа форматы енгізілді (облыстық мәслихаттың 2015 жылдың 14 желтоқсанындағы сессиясының шешімі). Оны жүзеге асырудың шаралар жоспары бекітілді.
20 қоғамдық кеңес құрылды (1 облыстық, 19 аймақтық). Онда барлық деңгейдегі әкімдердің есептері тыңдалды. 2016 жылы 11 мақсатты индикаторды дамыту бойынша Меморандум бекітілді (облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің арасында).  Бұл жұмыстардың қорытындысы бойынша мониторинг жүргізіледі. Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде (2016-2020 жылдары) бәсекелестік ортаға облыстың 11 мемлекеттік кәсіпорны беріледі.  
Азаматтардың ортақ мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жайына орай өткен жылы 621 жиын өткізілген.    
Ұлттық экономика министрлігі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Ішінара жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қаржыландыру мәселесі де бар (заңды дайындау үстіміздегі жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде). Бұл билікті демократияландыру саласына әсер етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары нақты қаржыға және материалдық мүмкіндіктерге ие болады. Бес реформаны жүзеге асырудың тиімді бағыттары екшеліп, облыстық шаралар жоспары құрылды. Жос-
парды жүзеге асыруға жауаптылар бекітіліп, нақты мерзімдері анықталды.
Құрметті журналистер!
Менің Ұлт жоспарын жүзеге асыру бо-йынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтарым осы. Енді сіздерді қызықтыратын сұрақтар болса жауап беруге дайынмын.

 

 

Сауал мен жауапта «100 нақты қадам» серпіні

 

Валентина Косянюк, облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы:
– Облысты көптен білесіз. Өңірді дамытуда жоспарларыңыз көп. Соңғы екі жылда талай игі істерді жүзеге асырдыңыз. Дегенмен, біз сізден ақпаратты көбірек білсек дейміз. Облыстың келешектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып өтсеңіз?
– Орын алып отырған күрделі экономикалық жағдайға қарамастан біз өткен жылды табысты аяқтадық. Облыс 2015 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында оң нәтижеге қол жеткізді.  Өнеркәсіп саласында нақты көлем индексінің көрсеткіші 106,9 пайызға жетіп, облыс Рес-публика бойынша бірінші орынға шықты. Аграрлық салада да өткен жылды табысты аяқтадық. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайыз болды.
«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2200 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартыпты. Облыс экономикасына 200 миллиард теңге шамасында инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция тартылды.
Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасы өзінің даму қарқынын сақтап қалды. Өнеркәсіп және тауар айналымы жағынан алғанда нақты индекс көлемі бойынша біз республикада 1-ші орынға шықтық. Құрылыс саласында және тұрғын үйлерді пайдалануға беруде 2-ші орындамыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі және инвестиция тарту жағынан 3-ші орынға тұрақтадық. Облыста ең төмен көрсеткіш орташа айлық еңбекақы болып отыр. Бұл көрсеткіш  бойынша 13-ші орындамыз. Жыл соңына дейін біз олқылықтарды жойып, үздік ондыққа кіруді жоспарлап отырмыз.
Бақберген Амалбек, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі:
– Облыс аграрлы өңір болып саналады.  Бұл салада ілгерлеушілік айқын байқалады, ет және сүт өнімдерін өңдеуге көптеген инвесторлар келуде. Бізді қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі толғандырады. Бұл бағытта қандай шаруалар атқарылуда?
– Облыста 27,6 мың бас ірі қараға арналған 31 бордақылау алаңы бар. Қазіргі кезде олар 65 пайыз жүктемемен жұмыс істеуде. Биылғы жылы Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» серіктестігі 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Оған қоса Зеренді ауданындағы «Щучинск сүт зауыты» серіктестігі ірі қара санын 3 мың  басқа дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ет өндірісі 12,1 пайызға артты. «Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 сүт-тауарлы фермасы құрылды. Осындай қолға алынған шаралардың нәтижесінде сүт өндірісі 28 пайызға өсті. Ал, көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа келетін болсақ, өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан облыс тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды дер кезінде қолдану нәтижесінде егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнерден айналып, 4,7 миллион тонна астық жиналды. Қажетті жемшөп қоры да жасалды.
Осыған орай, облыстан тыс жерге 1,8 миллион тонна астық сатылды. Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,7 миллион гектар жерге тұқым себуді көздеп отыр. Оған қажетті 520 мың тонна тұқым қоры жасалынды. Сондай-ақ, 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75,3 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясы енгізілді. Машина-трактор паркін жоғары өнімді техникамен жаңарту қарқынды жүргізілуде.
Аслан Оспанов, облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі:
– Ақмола облысында шығарылатын өнімдердің қай түрі экспортталады және оларды қазақстандық брендтер қатарына жатқызуға бола ма? Біз дүниежүзілік қоғамдастыққа не ұсына аламыз және  біздің келешек брендтеріміз не болуы мүмкін,  осы туралы айтып берсеңіз?
– Облыста 100 компания экспортпен айналысады. Аграрлық облыс болғандықтан агроөнеркәсіп кешені өнімдері (бидай, арпа, ұн, зығыр және рапс) экспортқа шығарылуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының алға қойған міндеті ет экспорты да сәтті жүзеге асырылуда. Облысымыздың ұн өндіруші кәсіпорындары, «ENKI» ЖШС кірпіш зауыты, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Арыстан» СТЗ» ЖШС, «Степногор подшипник зауыты» АҚ экспорттық үлкен әлеуетке ие және бүгінгі күні Ресей Федерация-
сы мен ТМД елдеріне өз өнімдерін шығаруда. Сондай-ақ, ЕврАзЭҚ елдеріне «Молоко Синегорья», Көкшетау май зауыты, «Milk Prodject», «Астана Агроазық», «ҚазГерҚұс» және «Agro Trading» серіктестіктері жаңа өнімдерін шығарып отыр.
Оған қоса «Милк Проджект», «Молоко Синегорья» ЖШС, «Садовое», «Одари», «Зорькин Луг» сауда брендімен 2015 жылдың қорытындысы бойынша 22 мың тонна сүт өнімін экспорттады. Атап айтсақ, Көкшетаудағы іргелі кәсіпорын «Көкшетау минералды сулары» АҚ қатарынан 15 жыл бойы «Туран» брендімен («TURAN») Ресей Федерациясына минералды сулар мен алкогольдік сусындарды өткізіп келеді.
Айталық, «ҚазГерҚұс» ЖШС Орталық Азия, Таяу Шығыс (Тәжікстан, Түркіменстан, Пәкістан) елдеріне өз өнімін шығаруда.
Оған қоса қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірліктеріне (2015 жылы 32 миллион дана жұмыртқа экспортқа шығарылды) өнім жеткізу мәселесі қаралу үстінде.
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, Қытай Халық Республикасына Бурабай ауданындағы «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын экспорттауда.
Юлия Чубарова, «Жаңа Есіл» газетінің бас редакторы міндетін атқарушы:
– Ұлт жоспарының 30-шы қадамында жергілікті әкімшіліктің полиция қызметін құруы белгіленген болатын. Бұл қызмет не үшін және қандай мақсатта құрылды?
–Иә, расында да жаңа жылдан бастап, облыста жергілікті полиция қызметі жұмыс істей бастады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 30-шы қадамында халық алдында есеп беріп отыратын жергілікті полиция қызметін құру мәселесі қамтылған.
Ұлт жоспарында полиция қызметкерлері ендігі уақытта қарапайым жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, адамдардың әрбір арыз-шағымына жете назар аударатын болады. Бұл өз кезегінде қызмет сапасын, қылмыстың ашылу көрсеткішін жақсартпақ. Жергілікті полиция қызметін құрудағы мақсат полицияның халық алдында есеп беруі арқылы оның жұртшылық алдындағы жауапкершілігін арттыру болып отыр.
Облыс бойынша жергілікті полиция қызметіне 1,2 мың адам тартылған. Жергілікті полиция Ішкі істер министрлігінің орталықтанған жүйесіне кіреді және жергілікті атқарушы органның құрамына қосылмайды, бірақ жергілікті билік пен халық алдында есеп беріп отырады.
Серік Жетпісқалиев, қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы:
– Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап, ауыл шаруашылығы жерлері жекеменшікке беріледі.  Осы орайда, бұған дейін жалға берген жер телімдері үшін жасалынған келісім-шарт бұзыла ма? Жер сатып аламын деушілерге жеңілдіктер бар ма? Жалпы, бұл не береді? Жекеменшікке берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің жаңа қожайындары бұдан ұқыпты бола ма?
– Облыста жерді пайдаланушылардың арендасында 10 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін жалға алып отыр. Қазіргі кезде 42 жалға алушы жекеменшікке 90 мың гектарға тарта жерді сатып алуға ниетті. Бүгінде олармен тиісті шарттарды жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.  Ауыл шаруашылығы жерлерін сату үшін бүгінде 117 жер учаскесі (43 мың гектар) дайындалды. Бұл жер телімдерін сату бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесінен басталады.
Жер кодексіне енгізілген жаңашылдықтар ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілген жерлерді кадастрлық құнынан 50 пайыз жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ, бұл жерлердің құнын 10 жыл мерзімге бөліп төлеуге болады.
Жер мәселелері бойынша қабылданған шаралар жер иелерінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Дамир Шайдаров, «Хабар» телеарнасының Ақмола облысы бойынша тілшісі:
– 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі бірнеше жылдан бері айтылып келеді.  Барлығымызды осы жүйеге қиындықсыз өту мәселесі толған-
дырып отыр.
– Иә, еліміз бұл жүйеге жан-жақты және жүйелі түрде келді. Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен 2014 жылы жалпы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы еліміздегі 30 мектепке енгізілген болатын. Солардың ішінде, біздің облысымызда Бұланды ауданындағы Никольский орта мектебі мен Степногорск қаласындағы №5 көп салалы мектеп-лицейі де бар. Ағымдағы жылы аталмыш білім ошақтарында жобаны пысықтау жұмыстары жүргізіліп, 1-сыныптың 87 оқушысы қамтылды.
Жаңа оқу жылынан бастап 20 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқытылады. Биылғы 1 тамызға қарай  бірінші сыныпқа баратын оқушылар жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылдың көктем-жаз маусымында педагог кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. 2016 жылы 1-сыныпты  қабылдайтын 929 педагог курстық даярлықтан өтеді. Қазіргі кезде осындай 30 мұғалім білімін жетілдірді.
– Валентина Рассолова, «Мобильная газета» газетінің бас редакторы:
– Облысымызда жекеменшік медицина қалай дамуда және оған мемлекеттік тарапынан қолдау бар ма? Жекеменшік медицинаның келешегі жөнінде айтып өтсеңіз?
– Бүгінгі таңда жекеменшік медицина денсаулық сақтау жүйесінің толыққанды қатысушысы болып табылады. Бұл жағынан алғанда жекеменшік немесе мемлекеттік деп бөлуге болмайды. Елімізде денсаулық сақтау саласында жекеменшік медициналық қызметтің үлесі 16-20 пайызды құрайды.  Облыста 608 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде қазіргі заманғы озық медициналық жабдықтармен жабдықталған «Авиценна» және «Медикус»  ең ірі әрі жұмысы дұрыс жолға қойылған болып саналды. Қазіргі кезде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету көлемі мемлекеттік тапсырыс бойынша Көкшетау теміржол ауруханасы (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және стационарлық емдеу), Целиноград ауданындағы «Салауатты-Астана» ЖШС-де (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және стационарлық емдеу) жүзеге асырылады. Осы күні облыстың денсаулық сақтау саласында мемлекеттік жекеменшік серіктестікті дамыту бағытында жоба қолға алынып, жүзеге асырылуда. Осы механизмді Целиноград ауданының Қосшы кентінде 300 келушіге арналған емханалардың құрылысында пайдалану көзделген.
Сәден Әлмұсаев, «Көкшетау-Қазақстан» облыстық телеарнасының тілшісі:
– Қазіргі кезде  БАҚ-та мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін инвестиция тарту мәселесі көп айтылады. Әлеуметтік салада мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудағы жоспарыңыз қандай?
Бұл жағынан алғанда өткен жыл табысты болып, 199 миллиард теңге инвестиция тарта алдық. Оның 14,2 миллиард теңгесі шетелден тартылды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 24 миллиард теңге сомада 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жеті жобаны іске асыруды көздеп отырмыз. Бұл тұрғыда жеті балабақшаның құрылысы ескерілген, яғни, бұл нысандар бойынша құжаттардың толық пакеті жасалып, инженерлік коммуникациялар тартылды. Ал, қалған жобалар инженерлік желілердің даярлығына қарай жүзеге асырылады. Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық аясында 18 миллиард теңгеге  тұрғын үй-коммуналдық саладағы үш жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Любовь Пистовникова, «Любимый город» газетінің бас редакторы:
– Ақпараттық агенттіктердің бірінде «Облыс әкімдерінің арасында қайсысы өз тұрғындарының жағдайын ойлайды» деген сауалнамада Кулагин үшінші орыннан көрінді. Агенттіктің беріп отырған бағасы сіздің осында екінші рет әкім болып келуіңіздегі көптеген игі істермен байланыс-
ты.  Көкшетаулықтар көптен күткен ЖЭО салынып, қала бір орталықтандырылған газға қосыла ма?
– Біздің, әкімдердің жұмысындағы бірінші әрі басты критерий – статистикалық мәлімет, яғни, әлеуметтік көрсеткіш пен экономикалық көрсеткіштің өзара тең қатынасы. Екінші критерий – өз өңіріндегі қоғамдық-саяси жағдай, облыс халқының әл-ауқаты. Міне, жұмысымыз осы критерийлер бойынша бағаланса, дұрыс рейтинг болады деп ойлаймын. Әйтпесе, кейбір агенттіктер «өңір басшысы мынандай шара өткізді, мынандай кісілермен кездеседі» деп ақпарат таратады да әкім бірінші немесе екінші орынға шығады».  Әкімдердің рейтингісін бір айдың қорытындысы бойынша жасау – дұрыс емес. Рейтинг жасайтын ең қысқа мерзім – жарты немесе толық бір жылды құрауы керек. Бір айда рейтинг жасау мүмкін емес. Кемінде, жарты жыл мерзімді қамту керек. Міне, осы уақытта жасалған рейтинг дұрыс деп санаймын. Әкімдердің рейтингісін жасаған дұрыс, өйткені, рейтинг – әкімдер арасында бәсекелестік орнатады. Әріптестерімнің арасында тіпті «кім мықты» деген жарыс басталады. Мен де өз өңірім үшін  намысқа тырысамын. Басқа облысты басқарып отырған әкімдерден артта қалғым келмейді.
Көкшетауда құны 126 миллиард теңге болатын ЖЭО-ның  құрылысы бойынша израильдік және қытайлық компаниялардың ұсыныстарын қарастырудамыз. Бүгінде аталған жобаны жүзеге асыруда израильдік «ALLENERGYHoldingLTD» компаниясы ілгері келе жатыр. Бұл компания Көкшетауда энергия өндіру нысанын, сондай-ақ, Сарыадыр көмір кен орны маңында 400 МВт қуаты бар қосымша электр стансасын салуды ұсынды. Қалада газ тарататын қондырғыларды қалпына келтіру жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде. Осы ретте көп қабатты тұрғын үйлерде орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге негізделген бағдарлама әзірленді. Көкшетауда жалпы ұзындығы 58 шақырымға созылған 227 газ тарату желісі бар. Бүгінде 75 қондырғы жұмыс істеп тұр. Биылғы жоспарда  10 желіні қалпына келтіру қарастырылған. 2014-2015 жылдары 55 газ тарату қондырғысы қалпына келтіріліп, облыстық бюджеттен осы мақсатқа 131 миллион теңге бөлінді. Аталған бағдарлама міндетті түрде орындалады.
  Бақыт Исабекова, «Атбасар», «Прос-тор» газеттерінің бас редакторы:
– Соңғы жылдары көктемгі су тасқыны Атбасар, Целиноград аудандарының тұрғындарына үлкен мәселе тудырып отыр. Бүгінгі таңда қауіпті су тасқыны болжана ма? Қанша өңір су тасқыны аймағында орналасқан және әкімдіктер елді мекендерді су алмау үшін қандай шара қолдануда?
– Иә, табиғат соңғы екі жылда қарбаластық тудырды. Дегенмен, біз тұрғындармен бірге қиын жағдайдан абыроймен шықтық. Бұл жағдайларды жою үшін барлық шараларға бюджеттен 2014 жылы 2 миллиардтан астам теңге, 2015 жылы 3,7 миллиард теңге бөлінді. Жуырда өзім облыстың барлық қауіпті учаскелерінде болып, үстінен ұшып өттім. Оның нәтижесі бойынша нақты қосымша тапсырма бердім. Бүгінгі таңда тапсырмалар орындалуға жақын. Қазір су тасқынынан елді мекендерді инженерлік қорғау жұмыстары жүргізілуде. Атбасар ауданындағы өзен маңында ұзындығы 6 шақырым, биіктігі 5-7 метр бөгет тұрғызылды. 8 мың метр арық тазаланды. Су өткізетін нысандарда шлюздік тосқауыл орнатылған. Заречный кентіне баратын жол бұзылды.
Әлеуметтік нысандар биіктігі 1,8 метр және арақашықтығы 950 метр 32 мың дана қапқа салынған инерттік материалдармен қоршалды. Су тасқынына қарсы жұмыстарды атқару үшін Атбасар қаласына қосымша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің техникасы мен күштері жұмылдырылуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің резервіндегі күштер мен техникалар дайындалды. Облыстың барлық өңірінде су тасқынын апатсыз өткізу жөніндегі шаралар жоспары бекітілді. Жедел топ құрылды. Қауіпті су тасқыны учаскелерінде тәулік бойы бақылау бекеттері қойылды. Барлық қызметтер дайындықтың жоғары тәртібіне ауыстырылды. Су тасқынына қарсы шаралар бекітілген сұлба және алгоритмдер бойынша орындалуда.
Полатбек Жанбаев, «Степногорск ақшамы» газетінің бас редакторы:
–Бүгінгі таңда отбастарына берілген балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны арта түсуде. Дегенмен, балалар үйлерінде тәрбиеленушілер баршылық. Олар қазір қандай жағдайда тұрады? Ақмола облысындағы жетім балалардың тұрғын үй алу мәселесі қалай шешілуде?
–Балаларды отбасыларға орналастыру жұмыстарының стандарттық және жаңа үлгісі бар. Соңғы жылдары бұл жұмыс жанданды. Балалар үйіндегі балалар саны азайды. Балалар үйлерінің жүйесі қысқартылды. Бүгінгі таңда патронаттық тәрбиешілер 45-50 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алады. Сондай-ақ, қамқоршыларға да 10 АЕК мөлшерінде балаларды тәрбиелеуге материалдық көмек көрсетіледі. 2015 жылдың қаңтарынан бастап жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуына байланысты 75 АЕК мөлшерінде бірыңғай уақытша жәрдемақы төлене бас-тады. Балалар үйлерінің материалдық базасы әлсіз. Өткен жылы Ақкөл балалар үйін қалпына келтіре бастадық. Бұған облыстық бюджеттен 800 миллион теңге бөлінді. Биылғы жылы бұл балалар үйінің жұмысын аяқтаймыз. Кезең-кезеңмен өзге де балалар үйлерінде жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. 2017 жылы Сандықтау балалар үйіне, 2018 жылы Есілде, 2019 жылы Урюпинск балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2013 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен  және мүгедектерімен бірге жетім балаларға да тұрғын үй беру басымдылығы жөнінде заңды норма енгізілді. Соңғы 5 жылда жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 170 пәтер бөлінді. Тұрғын үй кезегінде әлі 1758 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұр.
Биылғы жылы менің бастамам бойынша осы санаттағы балаларға 100-ден астам пәтер бөлінеді. Бұл бағытта өз жұмысымызды тұрақты негізде жалғастырамыз.
Қарлыға Мұқатаева, қалалық «Степной маяк» газетінің бас редакторы:
– Алыс шетелдіктердің қатысуымен кәсіпорын құрылады деп естиміз. Еуразия экономикалық одағы бойынша біздің әріптестер – жақын шетелдермен бірге құрылған кәсіпорын бар ма?
– Әрине, бар. Біз экономиканың нақты саласына стратегиялық инвесторлар тарту үшін алыс шетелдердегі әріптестермен жұмыс істейміз. Бірақ, ТМД елдеріндегі әлеуеттік әріптестер жөнінде ұмытпаймыз. Біз тек қана біріккен кәсіпорын құрмаймыз. Бізде Индустрияландыру картасына енгізілген зауыттар жұмыс істейді. Ең ірі жобаны кіріспе сөзімде айттым. Өнеркәсіп саласының жобасы бойынша бұл біріккен қазақстандық-ресейлік кәсіпорын. Су құбырларын, газ өткізетін пластикалық құбырларын және республикада теңдесі жоқ, қуаты жылына 30 мың тонналық «Корсис» гофраланған құбырларын өндіретін «Арыстан» СҚЗ» серіктестігінің құбыр зауыты,  минералдық шикізат өндіріп, өңдейтін Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты,  Степногорск қаласындағы Еуропалық подшипник корпорациясының подшипник зауыты. Кәсіпорын Ресей теміржолының транспортын подшипникпен толық қамтамасыз етеді.
10 жыл бойы «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы модельдік бірқатар автокөліктер жинауда. «Вектор» комбайн зауытының өнімдері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің үлкен сұранысына ие. Сондай-ақ, «ТМЗ Сервис Қазақстан» серіктестігі Қазақстан Республикасында «В. Воровской атындағы Тихорецкий машина жасау зауыты» ашық акционерлік қоғамының өкілетті өкілі болып табылады. Облыста «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларының Қазақстан-Беларусь индустриалдық-технологиялық паркі» инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Көкшетау қаласының «Қазақстандық Агро-инновациялық корпорациясы» серіктестігінде орналасқан кәсіпорын өнімді жақын шетелдерге экспорттайды. Жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін бройлер құс фабрикасының құрылысы бойынша Астрахан ауданында ірі жоба жасалуда. Бұл жобаны «Техно Құс» серіктестігі Украинаның кәсіпкерлерімен бірге жүзеге асырады.
Жанат Түгелбаев, «Ақмол ақпараты», «Вести Акмолы» газеттерінің бас редакторы:
– Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының азық-түлік рыногында импорттық құс еті мен жұмыртқаның үлесі көп екені байқалады. Облыста импортты ауыстыру бойынша не істеліп жатыр?
– Мен бұнымен келіспеймін. Бүгінгі таңда рынокта өз өніміміз баршылық. Бізде Аршалы ауданындағы «Ижевский» ӨК, Еңбекшілдер ауданындағы «ҚазГерҚұс» серіктестігі, Ақкөл ауданындағы «Үшбұлақ-2005» серіктестігі тәрізді мамандандырылған ірі құс кәсіпорындары бар. Бұл кәсіпорындар 780 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Бұл азық-түлік белдеуі аясында Астана мен облыс тұрғындары қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, республиканың өзге өңірлеріне өнімімізді белсенді ұсынып, көрші мемлекеттің рыногына шығамыз. Құс өсіру саласын дамытудағы келесі бағыт құс еті өндірісін арттыру шаралары болып табылады. Тек соңғы екі жылда бұл салаға 14 миллиард теңге инвестиция тартылды. Целиноград пен Астрахан ауданында құс етін өндіретін кәсіпорындар құрылды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда өнім өндірісінің жалпы қуаты жылына 25 мың тоннаны құрады. Бұл Астана мен облыс тұрғындарының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Өткен жылы жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасының құрылысы басталды. Ол 2018 жылы пайдалануға беріледі.
Айя Калягина, «Қазақстан TODAY» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі:
 – Облыста ауқымды оқиға болып саналатын инвестициялық форум өткізу жөнінде айта кетсеңіз.
– Инвестиция тарту  және одан әрі даму үшін әлем қоғамдастығы алдында біздің облыстың мүмкіндігі мен әлеуетінің тұсауын кең кесу қажет. Оның тетігінің бірі– инвестициялық форум өткізу болып табылады. Біздің өңірдің әлеуеттік мүмкіндігімен танысу үшін дипломатиялық корпус пен шетелдік өкілдерді шақыру тәжірибесін енгіздік. Өңірде инвестициялық форум 7 жыл бойы өткізілген жоқ. Осы орайда, биылғы жылғы жаздың басында «Ақмола Инвест-2016» инвестициялық форумын өткізуге тапсырма бердім. Форум шеңберінде «Ақмола облысының агроөндірістік кешенін және Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту», «Облыстың туристік индустриясын дамытудың болашағы», «Еуразиялық экономикалық одақ құру жағдайында Қазақстанның транспорттық-логистикалық орталығы» және өзге де  бірнеше ірі отырыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, форум аясында екіжақты
кездесу өткізу, меморандумдарға қол қою көзделген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар