Көкшетау қаласында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті.
Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 70,5 миллион теңге болатын 56,6 тоннаға жуық өнім әкелді. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатылды. Соның ішінде 30,2 тонна ет және шұжық өнімі, 0,5 тонна балық, 5,7 тонна сүт және сүт өнімі, 125 дана жұмыртқа, 3 тоннадан астам ұн, 6,5 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкені арнайы барып көрген Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев азық-түлік бағасы мен сапасына және алуан түрлілігіне аударды.
Сондай-ақ, өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.