Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткеннен сабақ алып... - АРҚА АЖАРЫ

Өткеннен сабақ алып…

 Аудан аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында айтарлықтай жұмыстар қолға алынуда.

  Алдымен, аудандағы азаматтық қорғаныстың басшысы жедел штаб басшысының лауазымдық міндетін және штаб мүшелерінің жұмыс барысындағы жеке жауапкершілігін бекітті. Су тасқынына қарсы шараларға ірі және мамандандырылған кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, ауыл шаруашылығы құрылымдары, шағын және орта бизнес, заңды және әртүрлі меншіктегі тұлғалар жұмылдырылды.
Ең қауіпті су бөгеттері мен үйінділерді саралау үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық төтенше жағдайлар қызметі бұл жұмысты бірге өткізді. Су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыруға 61 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға Лондон, ЖБК кенттеріндегі және бірқатар көшелердегі арықтар тазаланды. Заречный кентіне өтетін көпір бұзылды. Жабай өзенінің сағасы кеңейтілді. Жанар- жағармай мен қаптар сатып алынды.
Атбасар қаласының көшелері қардан тазаланып, еріген суды ағызу үшін арықтар қазылды. Шараларды өткізуге демеушілік қаржы есебінен 21,7 миллион теңге бөлінді. Атбасар ауданына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен және Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінен құтқарушылар мен мұз жаратын бригадалар келді.
Тұрғындарды, материалдық құндылықтар, мал-мүлікті көшіру және арықтар мен жыраларды тазалау үшін автокөліктер мен арнайы техникалар пайдаланылуда. Аудандық әкімдік квадрокоптер сатып алды. Өткен жылдардағы су тасқыны кезінде аудан аумағында су тасқынының 30 қауіпті участогы анықталды.
Өткен жылдың желтоқсанынан бастап қала көшелеріндегі қарды сыртқа шығару жұмысы үзбей жүргізілді. Оған 25 трактор мен автокөліктер пайдаланылды. Жергілікті бюджеттен 21,6 миллион теңге бөлініп, аудан бойынша 255,5 мың текше метр қар шығарылды. Ауданның азаматтық қорғаныс басшысының бұйрығымен биылғы көктемде су тасқыны болуы мүмкін аймақтар анықталды. Шараларға қатысатын 700 адамды бөліп, «ондықтар» мен «елуліктерді» бекіту тәртібі жасалды. Төтенше жағдайлар туындай қалса 500 адам, 250 трактор мен инженерлік техникалардың резерві дайын. Аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары директорларының бұйрығымен «елуліктер» құрылды. Қатер төнсе отряд Атбасар қаласына жіберіледі.
Қалада тұрғындардың қоныс аударатын орындары анықталды. Олар мәдениет үйі мен тоғыз мектепке уақытша орналастырылады.    «Атбасар су» коммуналдық кәсіпорны, «Фолян және К», «МЖД Атбасар сервис» серіктестіктерінде материалдық құндылықтар уақытша қойылса, «Целин-
Дорстрой» серіктестігі мен «Кароян» шаруашылығына мал мен құс әкелінеді.
Волонтерлер тұрғындардың үйлерін аралап, қайда қоныс аударатындарын түсіндірді, арнайы құжаттар толтырды. №1, №4-ші орта мектептердің айналасы биіктігі 1,5 метр инерттік материал толтырылған қаптармен бекітілді. Уақытша қоныс аударған адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 73 меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда «БВР Техсервис» серіктестігінің мамандандырылған кәсіпорны өзен мұзын сындыруда. Бұл жұмысқа ауданның барлық серіктестіктері атсалысуда.
Еріген суды ағызатын алқаптарды жырту жұмыстарын ауданның  бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары атқарды. Қазір 12 мамандандырылған техника жұмыс істеуде. Автокөлік көпірінен теміржол көпіріне дейін және Заречный кентінде биіктігі 3 метр, ені 3 метр, ұзындығы 1,3 шақырым су бөгеттері тұрғызылды. Су тасқынына қарсы шаралар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы жергілікті аудандық газеттерде жарияланды. Атбасар қаласы мен селолық округтардағы бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар