Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерді тиімді пайдалану көзделуде - АРҚА АЖАРЫ

Жерді тиімді пайдалану көзделуде

Ақмола облысына халыққа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов бастаған ақпараттық-насихат тобы келді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте Жер кодексі және өзге заңнамалық актілердің нормалары түсіндірілді.

Ақмола облысы аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 10 миллион гектарын мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жалға алған. Бүгінгі күні облыс бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сай кадастрлық бағалау құны 1,6 миллиард теңге тұратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді өз меншігіне сатып алуға ниеттілер де бар. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде облыстың бірқатар өңірлерінде 6,3 мың гектарға жуық осындай мақсаттағы жерлер 10 жылға бөліп төлеу бойынша жекеменшікке сатылған. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аудандар мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы мақсатындағы кадастрлық бағалау құны 458,3 миллион теңгеге жуық жалпы аумағы 42,5 мың гектар 117 жер учаскесін сатуға дайындап отыр.
Бауыржан Смағұловтың
айтуына қарағанда, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану тетіктері көрсетілген.
– Аталған заңдағы жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау нормасы жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге қоюға, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  бұл жерлерді жекеменшікке сату ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді, – деді Бауыржан Смағұлов.
Ал, жоғарыда аталған минис-трліктің жер ресурстарының инфрақұрылымын дамыту бас-қармасының басшысы Жанар Қаржанова болса, мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жекеменшікке бәссауда арқылы берілетінін атап өтті.  Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алған адам оны дұрыс мақсатта пайдаланса, кейін сатуына да болатынын айтты. Осы министрліктің салық  және  кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Дарын Әбдуәлидің мәлімдеуіне қарағанда, Ұлт жоспарындағы міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде ауыл шаруашылығындағы жерлерді жекеменшікке берудің жаңа тетігін енгізу мақсатында қабылданған Қазақстан Рес-публикасы «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталмақшы.
Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44-45 қадамдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделген. Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, салық-кеден кодексінің жобасы Парламентке тамыз айында жолданбақшы.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар