Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайта өңдеу өнеркәсібі қарқын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Қайта өңдеу өнеркәсібі қарқын алуда

Табыс көзін молайтып, істің тиімділігін арттырып, экономиканы дамытуға оң ықпал ететін бір сала өндірілген өнімді қайта өңдеу болып табылады. Осы бағытта біздің ауданымызда қолға алынған істерге тоқталып өтпекпіз.

Ауданымыздың негізгі бағыты егіншілік және мал шаруашылығы болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің индексі 91,0 пайыз болып, 60,7 миллиард теңгені құрады. Тарқата айтсақ, егін шаруашылығы  81,2 пайыз немесе 30,6 миллиард теңгенің, мал шаруашылығы 101,1 пайыз немесе 30,0 миллиард теңгенің өнімін берді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығына 7,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға жоғары. Тамақ өнімдерін өндіруге 864,0 миллион теңге тартылды, бұл алдыңғы жылғыдан 157,6 пайызға артық. Тірі салмақта 29,7 мың тонна ет, 43,9 мың тонна сүт, 20,9 миллион дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Енді, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесіне келейік. «Максимовка сүт заводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 6,9 тонна. Өзінің жеке мал шаруашылығы жоқ. Шикізатты басқа шаруашылықтар жеткізіп отырады. Қазір бұл завод уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта жұмысын жалғастырады. «Астана Өнім» акционерлік қоғамының қуаттылығы тәулігіне 10,0 тонна, 1253 бас ірі қара ұстайды, оның 678 басы сиыр. «Асыл тұқым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 3 тонна, 170 бас ірі қарасы бар, оның 87 басы сиыр. «Агрофирма «Байжер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 1,0 тонна, 121 бас ірі қара малы бар, оның 65 басы сиыр. «Племенное хозяйство «Зеренда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 11,8 тонна, 1200 бас ешкі ұстайды, оның ішінде сауылатыны 500 бас.

Етті қайта өңдеумен айналысатын «Capital Project LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы жылына 20 мың тонна. 26-дан астам шұжық түрлерін, еттің жартылай фабрикат өнімдерін өндіреді.  2021 жылы 20 451 тонна өнім өндірді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы өнімдерінен 101 пайызға артық. Жалпы, өткен жылы ауданда ет өндіру көлемі 26, 3 миллиард теңгеден 29,7 миллиард  теңгеге немесе 6,4 пайызға өсті.

Атқарылған осындай жұмыстардың арқасында ауданымыз сүт және ет өндірісі бойынша облыстағы жетекші аудандардың бірі болып отыр. Аудан кәсіпорындарының өңделген сүт өндіру үлесі жалпы облыс өнімі көлемінің 36,8 пайызын, сары майдың 5,9 пайызын, ірімшік пен сүзбенің 22,6 пайызын, қышқыл сүт өнімдерінің 46,1 пайызын, еттің 26,5 пайызын, шұжықтың 40,9 пайызын құрап отыр.

Осы жақсы үрдіс алға қарай жалғаса бермек. Сүт өнімдерін өндіру мақсатында ауданда «Ен Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолға алуымен 1000 бас ірі қараға арналған, қуаттылығы жылына 8000 тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл жоба іске асырылғаннан кейін біздегі сүт өндіру көлемі 18 пайызға өспек. Жобаның құны 5 миллард теңге. Жобалық-сметалық құжаттамасы 2021 жылы әзірленген. Құрылыс материалдарын, сиыр ұстауға арналған қора жабдықтарын және сауын пунктіне қажетті құрал-жабдықтарды жеткізуге  келісім-шарттар жасалды. Негізгі ғимараттардың іргетасы аяқталды. Аталған жұмыстардың құны 1,5 миллиард теңге, инвестор қаражаты есебінен іске асырылды. Құрылыс одан әрі жалғасуда. Құрылысты аяқтап, пайдалануға беру, мал әкелу ағымдағы жылға жоспарланып отыр. Қазір жобаға қажет қаражат көздері іздестіріліп, қарастырылуда.

«Айбарыс» шаруа қожалығы 5000 басқа арналған бордақылау алаңын салуды қолға алды. Бұл жобаның құрылысы аяқталды, қолданысқа енгізу үшін құжаттар дайындалуда. Мұнда 10 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жоба құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Ағымдағы жылы қолданысқа енгізу жоспарланған.

«Murtuk-2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150 бас импорттық сүт және ет бағытындағы мал сатып алуды көздеуде. Ет өңдеу цехын салу жоспарларында бар. Жоба облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Инвестициялық жоба ретінде 300 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер берілді. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінім берілді. Жеткізуші «Агроэкспорт Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Ресейден импорттық 150 бас асыл тұқымды мал сатып алуға ниет шарттары бар.

«Посейдон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі форель және бекіре балықтарын өсіру, өндіру және өңдеу бойынша балық шаруашылығын қолға алды. Жоба қуаты – жылына 15 тонна бекіре, 35 тонна форель өсіру. Құны 745 миллион тонна. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Қызылсуат ауылдық округінен 0,0085 гектар жер бөлінді. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 250,0 миллион теңге инвестиция тартылды. Іске қосу 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.

«Аква Фактория» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналымды сумен қамтамасыз ету технологиясына енгізілген автоматты түрде балық өсіру заводын іске асырмақ. Қуаттылығы жылына 5000 келі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын өндіретін ферма болмақ. Жобаның құны 4,3 миллиард теңгені құрайды. Қоянды ауылдық округінен 5,0 гектар жер бөлінді. Іске қосу 2022 жылдың қараша айына жоспарланған. Міне, осындай жобалар жүзеге асырылатын болса, біздің ауданымыздың облыс экономикасының дамуына қосар үлесі арта түспек.

                                                                     Нұрлан Дулатов,

Целиноград аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар