Облыстық оқушылар айтысының жүлдегерлері анықталды

Бұланды ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында Қазыбек бидің 355 жылдығына және Балалар жылына арналған «Бала ақын – жас дарын» облыстық оқушылар айтысы өтті. Шараны Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастырды.

«Биылғы балалар жылы аясында Ақмола облысында көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі – бүгін ұйымдастырылып отырған «Бала ақын – жас дарын» облыстық оқушылар айтысы дер едік. Іс-шараның басты мақсаты өмірін бірлік пен тәуелсіздік үшін күреске арнаған қазақ халқының даңқты ұлдарын дәріптеу, талантты және дарынды жас ақындарды анықтау және қолдау көрсету, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, импровизация өнерін, балалар шығармашылығын дамыту», – деп атап өтті Айгүл Баубекқызы.

Жыр додасына Ақмола облысының Ерейментау, Бұланды, Бурабай аудандарынан және Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан 12-18 жас аралығындағы жас ақындар қатысты.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде Бұланды ауданының тумасы Нұрғиса Елешұлына бұйырса, бірінші орынды  Ерейментау ауданынан Сәттібек Серікболатұлы иеленді. Ал жүлделі екінші және үшінші орындарды Бұланды ауданынан  Ақтілек Хайымқан мен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Науат Жақатаев өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, шара аясында жас ақындар мен жетекшілеріне «Айтыс – музыкалы  эмоциялық импровизация және поэзиядағы интеллект» атты шеберлік сыныбы өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар